/ Несиеге берілетін көліктер қолжетімді бола түсті

Несиеге берілетін көліктер қолжетімді бола түсті

Мемлекеттік бағдарламаның жаңа талаптары бойынша автонесиелеу арқылы көлік сатып алушыларға берілетін мүмкіндіктер аясы кеңейді
02 декабря 2016 года, 09:48 1149
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Несиеге берілетін көліктер қолжетімді бола түсті
Источник: © Алдасан Фото: © kreditfinder.ru
ҚР Үкіметінің 16.11.2015 жылғы №913 және 21.10.2016 жылғы №599 қаулысына сәйкес қарыз алушыларға қойылатын талаптарды өзгертті. Яғни, қарыз алушылардың міндетінде көрсетілген алғашқы салымның қажеті жоқ. Бірақ бұл банктерге алғашқы салымды өздері тағайындауға кедергілік етпейді. Алынатын автокөліктің максималды бағасы 15 млн теңгені құрап отыр (осыған дейін көліктің максималды бағасы 9 млн теңге болатын).

- Егер бұрын көлікті несиеге алу үшін алғашқы салым 20%-ға дейінгі соманы құраса, енді алғашқы салым екінші деңгейлі банктердің белгілеген мөлшерде орнатылады. Мысалы «Халық банкі» АҚ-ның алғашқы салымы 0%-ды, ForteBank-та 5%-дан жоғары, Сбербанк, Банк Центр Кредит барлық категориядағы клиенттер үшін 10%-ды құрайды, - деп түсіндірді «Бипэк Авто-Азия Авто» компаниялар тобының баспасөз қызметінде.

Бүгінгі таңда сатып алушыларға бағдарлама аясында өскемендік өндірістен шыққан 26 көлік қолжетімді бола түсті. Олардың қатарында седан KIA Quoris-те бар. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында сатылатын көліктердің тізімі де өзгертілді. Яғни, KIA Mohave, KIA Carnival және Skoda Superb қосылды. Желтоқсан айында бұл тізімге Lada модельді көліктермен, «Азия Авто» қуаттылығымен шығарылатын: седан Vesta, кроссовер XRAY және универсал Largus толығады.

Несиеге алынған Lada Vesta-ның төлемі айына 25 мың теңгені құрамақ.

Автонесиелеудің мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық автокөліктерді алу 2015 жылдың сәуір айынан басталды. Сыйақының атаулы мөлшерлемесі 4%-ды құрайды. Ал несиені өтеу мерзімі 7 жылға дейін созылады.

Бағдарлама жүргізіле бастаған уақыттан бері 29,9 млрд теңгені құрайтын 8 8081 несие берілді. Көліктердің жартысы (4120 көлік) «Азия Авто» зауытынан шығарылған.

Ерке Биғазина

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live