Облыстағы құрылысы жоспарланған жобалар
Өңіріміздегі мемлекеттік және жеке серіктестік арқылы жоспарланған жобаралар әлі жүзеге асырылу жолында

Источник:
© Алдасан
Фото:
© bridgesall.ru
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы арқылы 139 млрд теңгені құрайтын 22 жобаның құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Аталмыш жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзіндік себептері де бар.
- Білім саласында 16 балабақшаның, денсаулық сақтау саласында 2 нысанның, ТҮКШ бағытында 2 нысанның және облысымыздағы 2 көпірдің құрылысы жоспарланып отыр. 2015 жылдың тамыз айында «Global Contract» компаниясымен 4,1 млрд соманы құрайтын Өскемен қаласындағы 6 балабақшаның құрылысы туралы келісімшарт жасалды. Оның жобалық-сметалық құжаттары жаз мезгілінің ортасында дайын болды. Алайда концесиянерлермен төлем әлі жүзеге асырылған жоқ, - деді Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының төрағасы Шәкәрім Бұқтұғұтов.
Нысандардың құрылысы әлі басталған жоқ. Егер 12 желтоқсанға ешқандай шара қолданылмаса келісімшартты біржақты түрде бұзуға болады.
- Дәл осындай жағдай Семей қаласындағы 5 балабақшаның құрылысына да байланысты, бірақ оларда келісімшартты біржақты түрде бұзу мерзімі 19 жетоқсанға келіп отыр, - деп атап өтті Шәкәрім Бұқтұғұтов.
Сонымен қатар 35 млрд теңгені құрайтын 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылысының сараптамасы жуық арада аяқталып, Астана қаласында бекітілгеннен кейін қайта конкурс жарияланатын болады.
- 300 орындық емхана және балалар ауруханасының құрылысына қатысты ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Тек қажетті мерзімдерден сәл кешігіп келеміз, - деп қосты Шәкәрім Сабырұлы.
53 млрд теңгеге құрлысы жоспарланған Виноградов көшесінен басталатын көпірдің алғашқы сараптамасы 2017 жылдың қаңтар айында дайын болады екен.
Амир Қиылмбеков

Теги:
Подпишись на рассылку лучших статей от Устинка Live. Без спама.
Загрузка...