Telegram

/ Мал басын көбейтуден көш бастап тұр

Мал басын көбейтуден көш бастап тұр

Ауылшаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтуге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына Тарбағатай ауданы белсенді қатысып отыр
25 ноября 2016 года, 06:58 1024
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Мал басын көбейтуден көш бастап тұр
Источник: © Алдасан Фото: © skotovod.com
Соңғы төрт жылда Тарбағатай ауданындағы ірі қара мал басы 5 мыңға өсіп отыр.

- Мал басын көбейтуден, яғни «Сыбаға» бағдарламасына қатысудан облысымыз бойынша біздің аудан 1-орында тұр. Сондай-ақ «Құлан» бағдарламасы бойынша 800 бас жылқы алып, «Алтын асық» бағдардамасы аясында 5 мың бас қой алынды, - деді аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы.

Жалпы алғанда аудандағы мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға соңғы төрт жылда 1 млрд теңге көлемінде субсидия берілген екен. Бұл қайтарымсыз несие алудан да Тарбағатай ауданы өзге аудандарды артта қалдырып, көшті бастап отыр.

- Өңірімізде мал басының көбеюімен қатар шаруа қожалықтарының саны да артып отыр. Егер 2013 жылы ауданымызда небары 18 шаруа қожалығы болса, қазір олардың саны 55-ке жетті, - деп атап өтті Тарбағатай ауданының әкімі.

Елбасының ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту тапсырмасына сай, тұрғындарды ауылшаруашылығына араластыру мақсатында ауданда аулалық бордақылау алаңдарды дамыту қолға алынған.

- 2014 жылы ауданымызда 24 аулалық бордақылау алаңы болса, бүгінгі таңда олардың саны 350-ге жетіп отыр. 2013 жылы бордақылау алаңдарында 500-700 бас мал болса, қазір 5 мыңдай мал басын санап отырмыз, - деді Ділдәбек Оразбаев.

Аулалық бордақылау алаңдардын дамыту «Береке» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Бұл бағдарламаға жеке тұлғалар қатыса алады.

- Бұрын егер мал басын көбейткісі келген адамның жеке кәсіпкерлігі, шаруа қожалығы болса, ол несие ала алмайтын. Енді үкімет басындағылардың енгізген өзгертулерінен кейін, ауданымыздағы 20 жеке тұлға 2-3 млн теңге көлеміндегі несиені аулалық бордақылау алаңдардын ашуға алып отыр, - деп қосты әкім.

Әкімдіктің ендігі мақсаты ауылдардағы аулалық бордақылау алаңдардының санын көбейту.


 Ақерке Ақылбекқызы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live