Telegram

/ Бентонит сазбалшығын Тарбағатайда өндірмек

Бентонит сазбалшығын Тарбағатайда өндірмек

Тарбағатай ауданында өндіріс саласында кеңінен қолданылатын бентонит саз балшығын жергілікті кәсіпкерлер өндірмекші
24 ноября 2016 года, 13:46 1190
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Бентонит сазбалшығын Тарбағатайда өндірмек
Источник: © Алдасан Фото: © bentann.ru
Бентонит - негізінен, кеуектеле және қабаттаса орналасқан бөлшектерден және гидратталған алюминий силикатынан тұратын коллоидтық саз балшық. Ол мұнай-газ өндірісі саласында сұранысқа ие өнім.

- Бентонит саз балшығын өндіру 2012 жылға қарағанда 9,5%-ға өсті. Қазір ауданның индустриалдық-инновациядық даму добасы бойынша бентонит саз балшығын өндіру қарастылыған. Алдағы уақытта бентонит ұнтағын өндіретін шағын зауытты Ақжар ауылында бой көтеруі мүмкін, - деді Тарбағай аудандық мәслихатының хатшысы Сәумен Жақаев.

Осы уақытқа дейін бентонитті өндірумен өзге елдің компаниялары айналысып көрген екен. Енді бұл бастаманы жергілікті кәсіпкерлердің өздері қолға алып көрмекші.

- Бентонитті медицинада да, қазба жұмыстарын да қолданылатын білеміз. Сондықтан жылына шамамен 5 мың тонна бентонит шығаратын шағын зауыттан бастау керек деп ойлаймын. Ал бұл жобаны жүзеге асыруға бізге шамамен 500 млн теңге қажет. Бизнес жоспарымыз дайын. Енді облыстық деңгейде жобамыздың маңыздылығын көрсетуіміз керек, - деді «ПМК құрылыс» ЖШС Қайрат Набиев.

Қазіргі уақытта еліміздегі өндіріс компаниялары бентонитті АҚШ, Канада, Грациядан тасымалдап алғызуда.

Амир Қилымбеков

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live