Telegram

Екі жүздей адам жұмыссыз қалмақ

«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС зауыты нарыққа тиімді бағамен өнім ұсына алмай отырғандықтан өз қызметін тоқтатпақ
10 ноября 2016 года, 13:18 749
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Екі жүздей адам жұмыссыз қалмақ
Источник: © Алдасан Фото: © civ-def.org
 Осыған орай жаңа жыл қарсаңында 200-дей азамат жұмыссыз қалады.

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ-сы ақырындап шығыны көп кәсіпорындар санын қысқартуда. Осы тізімге өскемендік «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС зауыты да еніп отыр. Бұндағы 185 адам жұмыстан шығарылып, тек қымбат құрылғыларды сақтап қалу үшін бірнеше мамандар қалады.

Анықталғандай, бұл мәжбүрлеу шарасы бір жылға жуық жалғасып келген. Компания басшылары шетелдік инвесторлардан көмек күткенімен, келіссөздер нәтиже бермеген.

- Біз әлі де кәсіпорын құрылысын аяқтап, тиімділігін арттыра отырып өнімді кем дегенде үш есеге дейін ұлғайтуға ниетті инвесторларды іздеу үстіндеміз, - дейді «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС бас директорының орынбасары Александра Зинченко.

Демек, директордың орынбасарының сөзіне сенсек, егер инвестор табылса кәсіпорын басшылығы бұрынғы жұмысшыларды орындарына қайта алмақ.

Шамамен 200 шақты адам үшін соңғы жұмыс күндері 26 желтоқсанда аяқталмақ. Кәсіпорын басшылығы бұндай шешім туралы барлығын алдын ала хабардар еткен.

Назерке Нұрболатқызы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live