/ Өскеменде ЭКСПО-2017 билеттері сатыла бастады

Өскеменде ЭКСПО-2017 билеттері сатыла бастады

Көптен күткен айтулы шараға қатысуға ниеттілер кіру билеттерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен ала алады
10 ноября 2016 года, 12:57 782
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Өскеменде ЭКСПО-2017 билеттері сатыла бастады
Источник: © Алдасан Фото: © Arnapress.kz
- Билеттерді сату науқаны 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүргізіледі, - деп мәлімдеді «Қазпошта» АҚ ШҚО-дағы бөлімінің жарнама және PR, маркетинг секторының бюасшысы Динара Нығметова. – Өскеменде билеттерді сату осы аптадан басталады. Олар Қазақстан, 67 көшесінде орналасқан №19 бөлімше мен Гоголь көшесі, 34 мекенжайындағы №18 бөлімшесінде сатылады.

Билеттер әзірге елдегі Қазпоштаның 30 бөлімшесінде ғана сатылатын болса, 1 желтоқсаннан бастап компанияның барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен де алуға мүмкіндік туады. Пошта операторлары билеттерді tickets.expo2017astana.com ресми сайты арқылы рәсімдейтін болады.

Айта кетейік, жұмыс күніне белгіленген билет құны 4000 теңге болса, демалыс күндеріне белгіленгендері 6000 теңге тұрады. Ал жұмыс күніне ашық белгіленген даталы билет 6000 теңге, ал демалыс күнгі 8000 теңге болады. Көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.


 Азамат Нұрболатұлы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live