/ «Шығысэнерготрейд» кімнің қолына өтеді?

«Шығысэнерготрейд» кімнің қолына өтеді?

«Шығысэнерготрейд» ЖШС мен «ШҚ АЭК» АҚ сатылымға шығарылды.Басты мақсат - мемлекет мүлкінің бір бөлігін коммерциялық қолдарға беру
10 ноября 2016 года, 06:08 915
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - «Шығысэнерготрейд» кімнің қолына өтеді?
Источник: © Алдасан Фото: © В. Ивановтікі
Бірақ бұл жағдайда да компаниялар толықтай емес, жартылай ғана сатылады.

ШҚО Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінде мекемелердің сатылымға шығуы тұтынушыларға еш әсерін тигізбейді деген сенімде.

- «ШҚ АЭК» АҚ табиғи монополияларды реттеу мекемесінің нысаны болып қала береді. Заңнамада көрсетілген талаптарды да өзгеріссіз орындап отырады. Ал «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ның талаптары жоғары болғандықтан ол Кәсіпкерлік кодексіне бағынатын болады және біз «Шығысэнерготрейд» ЖШС электрэнергиясының құнын бақылап отырамыз, - деді табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева.

Жыл басынан бері «Шығысэнерготрейд» ЖШС шығынның шырмауына батып отырғандықтан тарифтің құнын көтеру мақсатында бірнеше рет өтінім жазады. Алайда түрлі себептерге байланысты өтінімдерді не өздері, не табиғи монополияларды реттеу департаменті кері қайтарып отырды. Ал әзірге бұл екі мекеме де «Самрұқ-Энерго» АҚ қарамағында.


Амир Қилымбеков

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live