/ Шығыстың ел қазынасына қосар үлесі зор

Шығыстың ел қазынасына қосар үлесі зор

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының ІЖӨ-сіндегі жалпы өңірлік өнімінің үлесі 5,8%-ды құрайды
31 октября 2016 года, 08:30 788
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шығыстың ел қазынасына қосар үлесі зор
Источник: © Алдасан Фото: © Tengrinews.kz

- Шығыс Қазақстанда түсті металдар кен орындарының болуы бұл өңірдің дамуының экономикалық негізін айқындады. Шығыс Қазақстан облысы республикада мырыш, титан және магнийді, сондай-ақ сирек металдарды және атом электр станцияларына арналған отынды жалғыз өндіруші. Сондықтан ол шын мәнінде еліміздің индустриялық мақтанышы болып саналады, - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында.


Шығыс Қазақстан облысының өндірілген жалпы өңірлік өнімінің 2016 жылғы 6 айдағы көлемі 1,1 трлн теңге болды. Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2016 жылғы 9 айда 4,9%-ға ұлғайды.


- Облыстың банк секторы банктердің 30 филиалынан құралады. Облыстың банктеріндегі депозиттердің үлесі 2016 жылғы 8 айда 481,9 млрд теңгеге дейін 26,8%-ға ұлғайды. Облыс бойынша инфляция 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 5,4% деңгейде қалыптасты, бұл республикалық көрсеткіштен (5,6%) төмен, – деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Данияр Талғатұлы.


Амир Қилымбеков


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live