/ Шаруалар айтқан дизель тапшылығы – сылтау

Шаруалар айтқан дизель тапшылығы – сылтау

Шығыс облысындағы егістікті жинауға дизель отынының тапшылығы кедергі келтірмейді, бұл жай ғана сылтау
20 октября 2016 года, 13:40 579
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шаруалар айтқан дизель тапшылығы – сылтау
Источник: © Алдасан Фото: © ug.ru
Бидай дәні түгел жиналғанымен алқаптарда әлі күнбағыс қалды. Ал шаруа қожалықтары үшін жеңілдікпен берілетін дизель отыны төңірегіндегі дау әлі басылмай тұр.

Өткен аптада Көкпекті ауданындағы кәсіпкер жергілікті билік солярка бөлмегендіктен егін жинай алмай отырғандығын мәлімдеген.

- Оған 22 тонна дизель отыны бөлінген, - дейді ШҚО Ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Уәлиев. – Алайда тексеріс жүргізілгенде оның ешқандай да егін екпегені анықталған. 1600 гектар жері бос жатыр. Сондықтан оған дизельді отынды берудің қажеті қанша? Оның үстіне арзан бағаға?

Амангелді Ілиясұлы айтқандай ол жауапсыз кәсіпкер ешқандай жауапқа тартылмайды. Керісінше, келесі жылы өз жер аумағына егін егетін болса, мемлекет тарапынан көмек көрсетіле береді.

Сонымен қатар, Ауылшаруашылық басқармасының басшысы дизель отын бойынша уайымдаудың реті жоқ екендігін мәлімдеді.

- Дизель жеткілікті. Министрлік күзгі науқан жұмыстары үшін 25 мың тонна дизель бөлді, - дейді Амангелді Ілиясұлы. - Ал астықты кептіруге қосымша 5 мың тонна бөлінді. Бұрын дизельдің 1 литрі үшін жеңілдетілген баға 94 теңге болса, 15 қазаннан бастап акцизі жоғарлатылды. Әзірге жаңа бағасын айта алмаймыз.

Ал әлі жиналмай жатқан күнбағыс үшін уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені күнбағысты жинау мерзімі қазан айының аяғына дейін жүргізіледі.


 Азамат Нұрболатұлы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live