/ Коллекторлардың құзыреті шектеле ме?

Коллекторлардың құзыреті шектеле ме?

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары «Коллекторлық қызмет туралы» Заң жобасын талқылау үстінде
07 октября 2016 года, 09:15 689
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Коллекторлардың құзыреті шектеле ме?
Источник: © Алдасан Фото: © motto.net.ua

Сіз немесе сіздің таныстарыңыз несиесін уақтылы өтемеген кезде сізге күн сайын талмай хабарласып, несиені өтеу керектігі туралы еске салатындар – Коллекторлар. Негізі бұл еліміздегі жас мамандықтардың бірі. Ең алғашқы коллекторлық фирма Қазақстанда 2006 жылы ашылған екен. Бұл мекемелерде қанша адам істейтіні белгісіз. Дегенмен, мұндай компаниялардың жыл санап көбейіп келетіні анық.

- Біздің коллекторлық компания «Альянс», «ВТБ», «Хоум кредит» және «Сбербанк России» сынды банктермен келісімшарт жасасқан. Негізгі басшыларымыз Алматы қаласында. Сондықтан жаңа заң жобасының талқылануы жайлы оқып, естіп отырмыз, - деді қалалық коллекторлық компаниялардың бірінде қызмет ететін маман Мерхат.

Талқыланып жатқан заң жобасы қабылданатын болса, коллекторлар мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлер мен нарко-психодиспансердің тіркеуінде тұрғандарға хабарласу мүмкіндігінен айырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұрып жатқан халықтың шамамен 5 миллионы банк алдында борышкер болып отыр. Ал олардың миллиондаған несиелері уақтылы төленбей келеді. Шарасыздықтан банк клиенттері туралы ақпаратты коллекторлық мекемеге беріп, өтелген соманың 50%-ын солардың жұмысы үшін төлейді екен.

- Банк коллекторлық компания қарыздарын қайтарып бергені үшін сол қарыздың 50%-ын коллекторлық компанияға төлеуге дайын. Бұл жағдайда өмірлік қиындыққа тап болғандарға сол 50%-ды кешіре салған артық емес пе?! - деп өзінің ойын білдірді Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

ШҚО Әділет департаментінің ақпараты бойынша қаламызда 7 коллектордық мекеме тіркелген екен. Олардың ең алғашқысы 2007 жылы ашылса, әзірге ең соғысы 2014 жылдың қыркүйегінде заңды түрде тіркеліп, өзінің коллекторлық жұмысын дөңгелетіп отыр.

- Біздің жұмысымыз да бір жүйеге келтірілген. Біз клиенттерді кешкі сағат 18.00-ден кейін мазаламаймыз. Ол кезде өзіміздің де жұмыс күніміз бітіп, үйге қайтамыз, - деп толықтырды Мерхат.

Коллекторлар адамдармен тіл табыса алуы керек, келісе білуі керек. Оларды несие төлеуге шақырып, төлеушіні ынталандыруы қажет. Коллектордың бойында төзімділік те болу керек. Өйткені әр адамның басында әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта коллекторлар несие төлемеген борышкерлерге хат жазып, қоңырау шалып қана қоймай, үйлеріне барып, шошытып жатады. Жаңа заң жобасы коллекторлардың мұнай ерсі әрекеттерін шектеп, несиелерді өтеуге тиімді мүмкіндіктер қарастырса екен.



Ақерке Ақылбекқызы


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live