Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!

1 қазаннан республика аумағында Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰҚП-ның қолдауымен «Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!» акциясы бастау алды
06 октября 2016 года, 12:20 817
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!
Источник: © Алдасан Фото: © www.newsler.ru

Еліміздің кез келген азаматы мемлекеттік кіріс органдарына тауар, қызмет немесе жұмыс ақысы үшін түбіртекті өткізе отырып, бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Бас жүлде – автокөлік. Акция 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, былтыр өткізілген осы акцияға 200 жүлде тігілген. Оның ішінде бас жүлде Chevrolet маркалы автокөлігін Өскемен қаласының тұрғыны ұтып алған. Республика бойынша акцияға 2 млн-нан астам адам қатысып, 10 млн-ға жуық түбіртек өткізген. Соның нәтижесінде заңсыз қызмет еткен 9 мың жеке кәсіпкер салық есебіне, 8 мың кассалық бақылау құрылғылары тіркеуге қойылды.

- Қазақстандықтар акцияға белсене қатыса отырып, көлеңкелі сауда көлемін азайтып, кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекелестікті арттыруға атсалысады. - дейді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Байыржан Айнабеков. – Биыл акция электронды форматта «Wipon» мобильдік қосымшасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл қосымшаны смартфондардың кез келген түріне тегін жүктеуге болады.

Акция жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де арта түседі. Алайда қайталанып жіберілген түбіртек ұтысқа қатыстырылмайды.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әр облыс пен Астана және Алматы қалаларында, Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері кіретін комиссиялар құрылған.



Назерке Кәрімова


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live