Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа жұмыс орындарын ашуға «Бизнестің жол картасы - 2020» көмектесті

Экономикалық өсуді ынталандыру – кез келген елдің экономикалық саясатының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады

Шағын және орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру. Міне осындай шағын несиенің иесі атанып, Катонқарағай ауданының туризмін дамытуға аз да болса үлесін қосып отырған – Сәуле Тұрашева. Ол 1968 жыл Марқакөл ауданында қарапайым отбасыда дүниеге келген. Анасы – есепші, әкесі – сауда саласының маманы болғандықтан табыс табумен, кәсіпті дамытуды көріп өскен Сәуле Нұрмұхамбетқызы бүгінгі таңда өзі де кәсіпкер болып отыр.

- Мен 1987 жылы Алматы қаласындағы технологиялық техникумына «технолог» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1990 жылы тәмамдап өзімінің туған жеріме келіп, асханада технолог болып жұмыс істедім, - дейді Сәуле Тұрашева.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары болған қиын-қыстау жағдай көптеген асханалардың, дүкендердің жабылуына әкелді. Соған қарамастан Сәуле Нұрмұхамбетқызы өзінің жұмыс істеуін тоқтатпаған.

- Барлық мекемелер жабылып жатқан кезде, біздің асхана да жабылуы керек болды. Бірақ мен асхананың жабылуына қарамастан соңғы күніне дейін жұмыс істеп, ең соңғы болып жұмыстан шықтым, - дейді кәсіпкер.

Кейін өзінің өзінің көрген-білген, үйренген білімі және икемі жеке кәсібін ашуға жеткілікті екенін ұғынған ол алғашқы дәмханасын ашады.

- «Әке көрген оқ жанар» демекші мен де әкемнің жолымен сауда саласына кейін бизнеске де ауыстым. Жұмыссыз қалғаннан кейін күн көру керек болды. Сол кезде ұзақ ойланып, толғанып келіп өзімнің шайханамды ашуға бел будым. Жаңадан ашылған шайханам көпшіліктің сұранысын қанағаттандыра білді, - дейді Сәуле Тұрашева.

Жаңа ғасыр басталған тұста Катонқарағай ауданына көшіп келушілер көбейді. Сондықтан Үлкен Нарын ауылында ашылған шайхана көпшіліктің көңілінен шығады.

- Мен қашанда халықтың қамын ойлап, халыққа жағдай жасауды басты орынға қойып отырамын. Бір кездері той-томалақ, науқандардың барлығы мектептің асханаларында өткізіле бастап, кейін бұл бастамаға тыйым салынғандықтан мен көп ойланбастан, барлық жиған қаражатымды «Нұржау» атты дәмхана ашуға жұмсадым, - дейді Сәуле Нұрмұхамбетқызы.

Бұл дәмхананың ашылуы да катонқарағайлықтарды бір қуантты. Өйткені той-

томалақтарда тағамдарды әзірлемей, тапсырыс бере салып қана, тойға әрмен қарай дайындалуға немесе науқандарды бірдей етіп өткізуге мүмкіндік берді.

- Тұрғындарға қол ұшын созып, көмек беруден ешқашан бас тартқан емеспін. Жағдайы келмейтін адамдарған науқан ұйымдастыруға немесе басқа жолдармен көмек беріп, демеушілік жасап отырамын, - деп атап өтті кәсіпкер.


Бизнестің жол картасына жүгінді

Қазақстанның інжу-маржаны саналатын аймақтың әлемге танымал болуына осы өңірдің таңғажайып табиғаты мен қойнауындағы табиғи байлығы және жанға жайлы климаты деуге толық негіз бар. Сондықтан демалушылар көптеп келетін бұл аудан туристерді қабылдауға бейімделуі қажет болды. Бұл қажеттілікті көре білген кәсіпкер Сәуле Нұрмұхамбетқызы қонақ үй ашуды ойластыра бастады.

- Қонақүй ашу үшін маған қомақты қаражат қажет болды. Сондықтан мен аудандық әкімдікке кеңес алу үшін бардым және әкімдіктің көмегімен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша өзіме 3 млн теңге көлемінде несие алып, қонақ үйдің құрылысы мен жөндеу жұмысына кірістім, - деп атап өтті кәсіпкер.

Сауле Тұрашева ең алдымен ескі ғимаратты сатып алып, оны жөндеу жұмыстарынан өткізіп, қалыпқа келтіреді. Кейін ішіне қажетті жиғаздар мен төсек-орындарды сатып ала бастайды.

- Менің ойымша орта және шағын бизнес — экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторларының бірі. Себебі, жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз етуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және депрессияны бастан кешіп отырған аудандардың экономикасын тұрақтандыруда шағын бизнес шешуші фактор болып табылады. Сондықтан, орта және шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын болғандықтан, кәсіпкерліктің бұл түрлерін дамытпай, нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес, - дейді Сәуле Тұрашева.

Бизнестің жол картасы бағдарламасының көмегімен ашылған қонақүйге бүгінгі таңда табиғаты әсем Катонқарағайға демалуға келе жатқан туристерді қабылдайды. Демалушылардың басым көпшілігі Алматы, Астана қалалары мен Ресей елінің азаматтары екен.

25 орындық болып ашылған қонақ үйдің қызметін 8 адам дөңгелетіп отыр. Олар тұрақты түрде жалақыларын алып, табыстарын тауып жүр.


Жоспар болса, кәсіп болады

Кәсіпкер болу әр адамның маңдайына жазылған несібе деп айта алмаймыз. Десек те, өз мүмкіндігіне сене білген, алға ұмтылған әр азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады.

- Кәсіпкер болудағы ең басты қағидаттар – үйренуден жалықпай, оқып-машықтану, іздену, білім алу, тәжірибе жинақтау, - деп атап өтті кәсіпкер.

Сонымен қатар, бизнес ашуға қатысты тың идея және бизнес жоспардың болуы

маңызды.

- Өмір сан-қилы қиындытардан тұрады. Сондықтан кәсіп ашу да оңай емес. Өзінің кәсібін ашамын деген адам жаңа қиындықтарға дайын болуы керек, - деп атап өтті Сәуле Тұрашева.

Сәуле Нұрмұхамбетқызы өз кәсібін ашуда қиындықтардың болғанын жасырмай отыр. Алайда жергілікті әкімдіктің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен ол қиындықтарды, мәселелерді жеңе білді.

- Маған кәсіпкер ретінде қарап, қолдау көрсетіп, кәсібімді әрмен қарай дамыту жолында мемлекеттік бағдараламаларды ұсынып, оларды жүзеге асыруға көмектесіп отырған жергілікті әкімдікке алғысым шексіз, - деді кәсіпкер.

Адамның қиялы мен арманы ешқашан таусылмайтындықтан кәсіпкер де осымен тоқтап қалмай, әлі талай асулардан асып, ауданындағы кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын.

Ақерке Ақылбекқызы

Следующая →