Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +23°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шаруалар алған несиелерін өтеуге міндетті

Ірі-қара асырап, малшаруашылығын дамытуға кепілсіз несие алған тұрғындардың біразы несиелерін өтей алмай жатыр

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында «Ертіс» ӘКК» ҰҚ» алған несиелерін өтей алмай жатқандар аз емес. «Бажалар А&E», «КТ «Тана» ЖШС, «Сағыр Несие» ЖШС сынды несиелерін өтей алмай отырғандардың жағдайы жайлы «Кәсіпкерлердің ұлттық лигасы» өкілдігінің директоры Түлетай Танекенова облыс әкімінің жеке мәселелер бойынша қабылдауында айтты.

- «Ертіс» ӘКК» ҰҚ» ірі-қара малдың басын көбейту мақсатында несие алғандардың ішінде өз несиелерін өтей алмай жатқандар бар. Оның басты себебі өтейтін несие көлемі ең алғашында өсімді, кейін сыйақыларды ұстап қалып отырған. Сондықтан негізгі қаражатты қайтаруға олардың жағдайлары жоқ, - деп түсіндірді аталған өкілдік директоры Түлетай Танекенова.

Мұндай жағдайға шамамен 15 шақты кәсіпкер ұшырап отыр екен. Түлетай Замамбекқызының пікірінше ветеринариялық қызметтің, мал азығы бағасының қымбаттауының салдарынан кәсіпкерлердің несиені өтеуге қаражаттары жетпеуде.

Ірі-қара малды көбейтуге берілетін несиенің өтеу мерзімі – 5 жыл. 2011 жылы берілген 1 млрд 100 мың теңге көлеміндегі қаражаттың 385 млн теңгесі әлі қайтарылмаған. Бұл дегеніміз несие алғандардың 40%-ы өз несиелерін өтей алмай отыр.

- Мемлекет несиені тегін тарататын мекеме емес. Олардың несиелері халықтың бюджетінен алынып беріледі. Сондықтан оларды алғандар несиелерін қайтаруға міндетті. Егер шаруалар несиелерін өтей алмаса, ол қаражат жергілікті бюджет қаражатынан алып төленеді. Яғни, облысымызда тұратын миллиондаған тұрғынның қаражаты біреудің несиесіне жұмсалады. Шаруалар несиелерін алған кезде оны міндетті түрде қайтарамын деген келісімшартқа қол қояды. Яғни, заңға сәйкес олар өздерінің несиелерін қайтаруға міндетті, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар аймақ басшысы «Ертіс» ӘКК» ҰҚ»-ға алынған несиенің ең алдымен негізгі бөлігі төлену керектігін атап өтті.

- Малшаруашылығын дамытамын деп несие алғандардың 98%-ында түк жоқ. Сондықтан біз мұндай несие төлемеушілерден ақшаларын қайтаруын талап ететін боламыз. Өйткені олардың алған несиелері кепілсіз берілген болатын, - деп дөп басты Даниал Кенжетайұлы.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →