Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кеңестік гірлерге 2,5 млн теңге береді

Ақтауда спорттық гірлердің кеңестік кезеңінде шығарылған нұсқаларына сұраныс артып отыр

Новости Казахстана / Кеңестік гірлерге 2,5 млн теңге береді
Фото:
аvito.ru
Сатып алушылар бір спорттық жабдық үшін екі жарым миллион теңгеге дейін төлеуге дайын. Бірақ ол Кеңес кезінде шығарылған, әрі түбі жайпақ болуы тиіс. Осындай тиімді хабарландырудан соң тұрғындар тіпті бір-бірінің үйіне ұрлыққа түсіп, гір тастарын алып кетіп жатыр, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

-Гір тасын көтеру спортына маңғыстаулықтар аса қызығушылық танытқан емес. Оны тек зілтемір, гантелдермен бірге кешенді спорт түрінде ғана қолданады. Тіпті облыста арнайы қауымдастық та жоқ, чемпионаттар да сирек өтеді. Соған қарамастан гір тасына деген сұраныс артып тұр.

Онда да сұраныстағы гір тастары жаңа болмауы керек. Кеңес кезінде шығарылған әрі онда «СССР» деген жазуы болуы тиіс. Салмағы әртүрлі: 16, 24, 32 келі. Ең бастысы – құламауы керек.

– Жерге қисайтқанда орнына қайта тұруы керек

– Бағалары қанша?

– Мен 100 мыңға аламын.

Гір тастарын сатып алушылардың хабарландыруы ғаламтор желісінде толып тұр. Олар бір спорт жабдығы үшін екі жарым миллион теңгеге дейін ұсынады. Ақшаны қолма-қол бермек. Дәл осындай ұсыныспен олар спорт залдары мен фитнес-клубтарды да аралап жүр.

Владимир Боришполов, жаттықтырушы:

-Бізге бірнеше гір сатып алушылар келіп кетті. Негізінен құламайтын тастарды сұрайды. Жүз мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін ақша ұсынды. Тек біздің тастар олардың талаптарына сай келген жоқ.

Ақтаулықтар гір тастарын Алматы мен Астанаға жібереміз дейді. Ал ондағы сатып алушылар тауарды қайда аттандыратынын құпия ұстап отыр. Бұл уақытта ел арасында гір тастарына деген құштарлық едәуір атқан. Тіпті тұрғындар сол үшін бір-бірінің үйіне ұрлыққа да түсіп жатыр.

Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі:

-Жармыш ауылында 1985 жылы туған ауыл азаматының аулада тұрған гір тасы ұрланып кеткен. Бұл дерек бойынша күдікті іздестіріліп жатыр.

Кеңестік гір тастарының бір сәтте бағалы боп шыға келуінің нақты себебі белгісіз. Біреулер оның құрамында құны алтыннан қымбат палладий металы бар дейді. Алайда оны ғылыми тұрғыда зерттеп көрген ешкім жоқ. Сондықтан екінші топ бұл тек алаяқтардың әрекеті деп отыр. Себебі кезінде «Зингер» тігін машинасы мен көне тоңазтқыштарда құнды металл бар деп ел арасында дүрбелең туғаны бар болатын.
Следующая →