Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Эйнштейн ашқан тартылыс толқыны табылды

Америка құрама штатында ғалымдар тобы әйгілі Эйнштейннің 100 жыл бұрын ашқан тартылыс толқынын тапты

Новости Казахстана / Эйнштейн ашқан тартылыс толқыны табылды
Фото:
com.ua
Оған зерттеушілер Луизиана мен Вашингтон штатындағы екі лазерлі обсерваториядан түскен тың деректерді зерттеу арқылы қол жеткізді, деп хабарлайды (24.kz сайты).

Ғалымдар Күннің салмағынан бірі – 29, ал, екіншісі 36 есе ауыр қара ойықтар соқтығысып, алып ойыққа айналған кезде анықтаған. Ал кезінде Эйнштейн гравитациялық толқынның бар екенін өзінің салыстырмалы теориясында айтып кеткен болатын. Ол материяның кеңістік пен уақыт өлшемінің өзгеруінен туатын тартылыс деп аталады. Бірақ бұл толқындар әлсіз болғандықтан, мамандар оны осы күнге дейін анықтай алмаған еді. Енді ғалымдар бұл жаңалық ғарыш әлемін зерттеудің жаңа кезеңіне жол ашады деп отыр. Габриэла Гонсалес, Луизиана университетінің физик-ғалымы: - Біз гравитациялық толқынды ести аламыз. Біз әлемді көріп қана қоймаймыз, енді оны ести де алатын болдық. 
Следующая →