Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазақстандық спортшыларды ЗИКА вирусын жұқтырмауға үйретеді

Бразилияда өтетін жазғы олимпиадаға баратын Қазақстандық спортшыларға Зика вирусынан қорғану жолдарын үйретеді

Новости Казахстана / Қазақстандық спортшыларды ЗИКА вирусын жұқтырмауға үйретеді
Фото:
ptzgovorit.ru
Әлемде Зика деген жаңа дерт дендегелі  біздің санитарлық қызметке де дамыл жоқ. Қазір қауіпті вирустың алдын-алу шаралары күшейтіліп, әуежайларда тексерулер жүргізілуде. Қазақстаннан сыртқа шығатын азаматтарға да індеттен қорғанудың амал-тәсілдері жіті түсіндіріліп жатыр деп хабарлайды (ktk.kz телеарнасының сайты).

Негізі вирусты таратушы тропикалық аймақтағы маса тәріздес жәндіктер. Сондықтан сол елден келіп жатқан азаматтар ерекше бақылауда. Ал, аурудың нағыз ошағы саналатын Бразилияда биыл олимпиада өтетіні белгілі. Осыған байланысты Рио-де-Жанейроға баратын спортшылар және жанкүйерлермен жеке жұмыстар жүргізілмек. Яғни, оларға ауруды жұқтырмау үшін арнайы профилактикалық шаралар өткізіледі. Емі жоқ індет елімізде тіркелмегенімен, Зика таралған елдерге бармауға тырысқан жөн дейді дәрігерлер. Ауру, әсіресе, жүкті әйелдер үшін аса қауіпті екен.

Олжас Есқожаев, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының қызметкері:

- Өзін қорғану әдістері спортшыларымызға айтып түсіндіріледі. Ол жаңағы қонақүйлерде терезені ашпау. Масалар кірмеу үшін қорғаныш торы болса, аша беруге болады. Масалардан қорғану өзін, дұрыс киіну. Жеңі ұзын киім киіну.
Следующая →