/ Новости Казахстана

Жол-көлік оқиғасынан 9 бала мерт болды

Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың 11 айы бойынша облыс жолдарында 310 жол-көлік оқиғасы тіркелген
07 декабря 2015 года, 09:35 7304
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Жол-көлік оқиғасынан 9 бала мерт болды
Источник: © Алдаспан Фото: © Алдаспан
Оның салдарынан 9 бала мерт болып, 352-сі әртүрлі деңгейде дене жарақаттарын алған.

Осы орайда, оқушыларды жол ережесін білуге және оны сақтауға үйрету, көшеде жүру ережелерін меңгерту, көрсеткіш белгілермен таныстырып, мән-мағынасын түсіндіру, жол апатынан сақ болуға үйрету мақсатында жуырда Өскемен қаласындағы нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақшасында ашық сабақ өтті.
«Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы аясында өткізілген ашық сабақта аталмыш білім ордасының 3 және 4 сынып оқушылары қатысты. ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жас инспекторлар штабымен бірлесе отырып ұйымдастырған шара барысында оқушылар арасында жол жүру қауіпсіздігіне байланысты эстафеталық ойындар ойнатылып, жол мен бағдаршам туралы өлеңдер оқылды.

- Біз балаларға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дыбыстық белгілері бар бағдаршам туралы айтып, жолда жүру ережелері туралы кітапшалар тараттық, - деді ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы, полиция майоры Айгүл Белгібаева.

Автор: Аяулым Кенесова

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх