Алма тиеген көлік аударылып қалды
Жуырда көк тайғақ салдарынан Семей қаласының жолында жүк көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай аударылды

Источник:
© Алдаспан
Фото:
© keep4u.ru
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.Тәртіп сақшыларының айтуынша жол көлік оқиғасы Қаржаубайұлы даңғылымен жалғасып жатқан айналмалы жолда орын алған.
- «МАN» жүккөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмағандықтан көлік аударылған. Тексеру барысында жүргізуші сау болғандығы анықталды. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Аударылған көлікті тұрғызу көп уақыт пен көп күшті қажет еткен. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аундарылған көлік алмаға толы болған.
Автор: Асан Асқарұлы
Теги:
Подпишись на рассылку лучших статей от Устинка Live. Без спама.
Загрузка...