Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қала мектептерінің бірінде әкелер форумы өтті

Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде   "Әкешім-бәйтерегім"  тақырыбында әкелер форумы өтті

- Аталған форумды өткізудің басты мақсаты балаларды тәрбиелеуде отбасындағы әкелердің рөлін күшейту, әкелердің назарын мектепке аудару болды. Әке көшбасшылығын насихаттауымыз қажет. Әкелер - жанұяны асыраушы жандар. Бір жағынан, әкелер ұлт болашағының тәрбиешісі бола отырып, жанұяның қамқоршысы да, - дейді мектеп директоры Базарбек Садықов.

Мектеп форумы аясында әкелерге балаға тәрбие беру мен отбасы өнегесін қалыптастыру жолында кеңестер беріліп қоймай, бір мектепте білім алып жатқан балалардың әкелерін бір-бірімен жақындастырып, таныстыру үшін әкелердің өздері ортаға шығып, түрлі тақырып бойынша ойларын ортаға салды. Топқа бөлінген әкелер кейін сахналық қойылымдар қойды.

- Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу - ұлт болашағы екендігін терең түсінген мектеп ұжымы әкелермен жүйелі жүздесудің өтуіне себепші болды. Осындай игі шаралар ер азаматтардың отбасына көбірек көңіл бөліп, бала тәрбиесіне барынша ат салысуына өз көмегін тигізер деген үміттеміз. Форум соңында әкелер өз ұсыныс, тілектерін, жылы лебіздерін бәйтерек ағашына іле отырып, алған әсерлерін қорытындылады, - дейді ата-ана Гүлнәз Ерсайынқызы.


Следующая →