Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Астана - ел тірегі, ұлт жүрегі

Астана күні - 6 шілдеде мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мереке. 1997 жылы 20 қазанда ел президенті Н. Назарбаев астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды

Ал 1998 жылы 6 мамыр күні Ақмола қаласы Астана атауына өзгерді. Осы жылы маусым айының 10 жұлдызында елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Ал 2006 жылдан бастап 6 шілде Астана күні ретінде аталып өтіледі. 2008 жылы "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңына" өзгерістер енгізіліп, Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енді. Ал 2009 жылы Астана күні елімізде тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде тойланды. Содан бастап Астана күні жыл сайын ел халқының асыға күтетін арнайы мерекесіне
айналды.

Астана қаласын елорда деп жариялау үлкен тарихи шешім болатын. Өйткені тәуелсіздік алған жас мемлекеттің өзінің төл теңгесін таңбалағаны, құқықтық Конституциясын қабылдағаны, ресми рәміздерін бекіткені, шекарасын айқындағаны тәрізді аса маңызды, елдің тағдырына ықпал ететін ұйғарым болатын. Алатау бөктерінен Арқаның айдын даласына астананы ауыстыру экономикалық жағынан ауыр шешім болғанымен, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі батыл қадам болды.

Содан бері Астана ел халқының мақтанышына, Қазақстанның әлем елдері алдындағы екінші атауына айналды. Бұл қала - әлемдегі ең жас астаналардың бірі. Бұрынғы кеңестік елдердің ешқайсысы да еңселі елорда көтеріп, туын өзге тұғырға қондырған жоқ. Ендігі жылы Астана қаласына 20 жыл толады. Аз ғана уақыттың ішінде жас қала елдің экономикалық өлшеміне, әлем көз тіккен саяси шешімдердің орталығына айналды. Қазіргі уақытта Астанада отыз бесінші "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Бұған дейін әлемнің ең ірі дін басшылары жиналған діни келісім ордасы, Таяу Шығыс дау-жанжалдарын реттеуші орталық мәртебесіне ие болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлері Швейцарияның Берн қаласын басып алудан бас тартқан. Өйткені бұл қалада әлемнің ең ірі банктері орналасқан болатын. Сол сынды Астана қаласы да діндердің орталығына, келіссөздердің ордасына айналу арқылы өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Астана күні мерекесін атап өту келешек ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін ұштайды.

Өскеменде Астана күнін тойлау 30 маусымнан басталды. Ал 6 шілде күні "Жастар" саябағында сағат 11.00-13.00 аралығында қолөнер шеберлерінің көрмесі, сағат 15.00-де жағалаудағы сахнада балаларға арналған театрландырылған мерекелік бағдарлама өтеді.

Бұл күні 19.00-де Республика алаңында қала өнерпаздары қатысқан концерт өтпек. Бұл концертте X-Faсtor байқауына қатысқан Евгений Выблов, "Ты супер!" халықаралық телевизия жобасына қатысқан Влад Лоскутов, республикалық байқаулардың лауреаты Эльдар Уадинов өнер көрсетеді.

Следующая →