Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зейнетақы мен жәрдемақы қашан өседі?

Бұған дейін Жаңа жылдан бастап зейнетақы 9 пайызға, ал жәрдемақы 7 пайызға артатындығы мәлім болған болатын

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы артады.

Яғни, базалық пенсияға 800 теңге қосылып, 12 802 теңге болады. Ал асыраушысынан айырылған отбасылар, мүгедектер мен көпбалалы аналарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға артатындығы айтылған. Кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға арттыруды тапсырды.

- Мен Үкiметке Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай келесi жылдан бастап зейнетақы көлемiн 2016 жылғы деңгейден 20%-ға ұлғайтуды тапсырамын. Бұл игi шара 2 млн 200 мың қазақстандықты қамтиды. Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап бала тууға байланысты берiлетiн бiр реттiк мемлекеттiк жәрдемақы көлемiн 20%-ға ұлғайтуды тапсырамын. Бiзде қазiр бала туу көрсеткiшi өте жоғары, өсiм - 55%, бiзге керегi осы, - деді Елбасы.

Ескерте кетейік, бұл 20 пайыз бірден қосылмайды. ҚР Әлеуметтік даму министрі бұл төлемдердің мөлшері бірден емес, екі кезеңмен өсетінін айтты. Яғни, алдымен бірінші айтылған зейнетақыға қосылатын 9 пайыз 1 қаңтардан басталады. Осылайша орта есеппен 54 мың алып жүрген қарияларға ай сайын 60 мыңнан берілетін болады. Кейін шілде айында тағы 11 пайызға өсіп, орташа зейнетақы 67 мыңға жетпек. Сонымен қатар, бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы да дәл осылай екі кезеңмен 20 пайызға дейін өсетін болады. Ал жарымжандар мен асыраушысынан айырылғандар және көпбалалы аналардың жәрдемақысы 7 пайызға көбейеді.

Мұндай төлемдер үшін алдағы жылы Үкіметтен 90 миллиард теңге бөлінеді.

Назерке Кәрімова
Следующая →