Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыс Қазақстанда тыныс алу мүшелері ауруынан өлім саны артып тұр

ШҚО Статистика департаментінің мәліметінше облыс бойынша 9 ай ішінде тыныс алу мүшелерінің өзінен ғана 964 адам қайтыс болған

Олардың 177-сі өскемендіктер.

Әрине мұндай қаралы статистиканы көре сала облыс орталығындағы өкпе ауруына себепші болып отырған экологияның салдары деп ойлап қалу оңай болар еді. Себебі, қаламызда бірқатар экологиялық мәселелердің әлі күнге дейін бәсеңдемей тұрғаны жұртқа аян.

Бірақ эколог мамандардың айтуынша соңғы кездері ауадағы зиянды заттардың мөлшері өсім білдірмеген. Сонымен қатар, қыс мезгілінде ауадағы зиянды заттардың көп шығарылатынына қарамастан, адам денсаулығына ауа температурасының төмендеуінен зиянды заттардың әсері төмендемейтінін айтады.

- Ауадағы зиянды заттардың өсімі қолайсыз метеорологиялық жағдайларда өседі, әсіресе қысқы мезгілінде. Ал Өскемен қаласы үшін бұл 90 күнді құрайды, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков. – Бірақ, ауадағы зиянды заттардың қаупі жыл мезгілдеріне, ауа температурасы мен күн уақытына қарамайды, ол адам ағзасындағы өлшемімен зиянды.

Тыныс алу жолдарының зақымдануы, ауруға шалдығуы тікелей түрде қысқы мерзімде күшейеді. Тек тұмау ғана емес ұзақ мерзімді аурулардың салдарына әкеліп соғады. Бұл туралы дәрігер мамандар анықтап айтады.

- Тыныс алу жолдарының ең жиі кездесетін аурулар қатарына жіті респираторлық вирустық инфекция, өкпенің созылмалы обструтивтік аурулары, пневмония жатады. Бұл аурулар экологиялық жағдайларға байланысты емес, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева. – Аталған симптомдар экологиялық факторлармен байланыссыз вирустық инфекциялар мен суық тию ауруларының белгілері болып табылады.

Ағымдағы жылдың 19 қазанына қарай 800 мыңға жуық қазақстандықтарға тұмауға қарсы вакцина егілді деп хабарлаған болатын ҚР ДСӘДМ. Атап өту керек, вакцинаны егу әлі де жалғасып келеді.

Ал, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы – ең алғашында шырышты қабат, артынша үдеріс үдеген сайын бронхтардың тереңірек қабаттары мен перибронхиалды дәнекер тінін зақымдалып, өкпе жолдардың созылмалы түрде қабынады. Бұл ауруға көбінде кәрі жастағы ер кісілер шалдығады.

Мамандардың айтуынша, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының негізгі белгілеріне: жөтел, қақырық тастау, ентігу жатады. Созылмалы бронхиттің ерекшелігі ол уақыт өте келе дамиды және кеш анықталады. Себебі науқас ұзақ уақыт бойы аз мазаланады. Клиникалық көрінісі бронхиалды жолдардың зақымдау деңгейімен байланысты көрінеді.


 Дос Сапар
Следующая →