Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Университет қабырғасындағы дау-дамай

Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ басшылығы университтің имиджін қалыптастыруда аянбай еңбек еткен 124 оқытушына зейнеткерлікке шығарды

Бұл оқиға университет студенттері, оқытушылар мен қалың жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Қазан айының басында жұмыссыз қалған ұстаздар тобы бірлесе отырып Қазақстан Республикасының примьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовке хат жазып, көшірмесін Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жолданды.


Хатта ұстаздар өздерінің өмірлерінің жартысын арнаған жоғары оқу орнында білікті профессорлардың орнын толтырар мамандардың қалмағаны қыңжылтатынын жазды.


- Университет ректоры 120 аса зейнет жасына жеткен оқытушыларды зейнеткерлікке шығарды. Заң жүзінде оның бұл ісі дұрыс. Біз 60 мыңдық жалақыға қайтып баруды қалап отырғанымыз жоқ. Бірақ біздің жүрегіміз кәсіби мамандардың жоқтығына ауырады. Егер бізге 1-2 жыл берсе, біз өзіміздің орнымызды басар мамандарды даярлар едік қой. Студенттерге лайықты білім беретін маман жоқ, - деді жергілікті БАҚ өкілдеріне аталған жоғары оқу орнының экономика және құрылыс факультетінің экс-деканы Олег Чикунов.


                                                                                      Ресейге сапалы білім үшін кетуде...

Ұлағатты ұстаздар студенттердің шетелдерге, нақтырақ айтқанда Ресейге білім алуға ұмтылуларының да негізгі себебі Шығыстағы білім сапасының әлсіреуінде деп отыр.

- Жергілікті университеттердегі білім сапасы құлдырап бара жатқандықтан, жастар білімді Ресей елінен алуға ұмтылуда. Тіпті қазақ тілді талапкерлер де Омск, Томск қалаларында оқығанды жөн санайды. Өйткені олардың білім беру деңгейлері біздікіне қарағанда өсті, - деп атап өтті доцент, техника ғылымдарының кондидаты Рейс Тулендинов.

Бүгінгі таңда облысыздағы жастардың 22%-ы жоғары білім алу мақсатында Ресейге жол тартып отыр. Мұнда шетелдің студенттеріне түрлі жеңілдіктер жасалып отырады. Студенттерді көрші елге оқуға шақырудағы насихатта ҰБТ-ның нәтижесі қажет еместігі болып отыр.

                                                                                       Жас мамандар – болашағымыз

Университет басшылығы мұндай шаралар бүгінгі күннің талабы екенін айтып отыр.

- Әлемнің білім кеңістігіне кіру, жоғары деңгейлі, бәсекелестікке бейім мамандарды дайындау үшін біздің оқытушыларымыздың ІТ біліктілігі жоғары және олар тілдерді еркін меңгерген болуы керек. Қазіргі студенттер ғаламтор желісін жетік меңгерген, бұл кезде студент пен оқытушының деңгейі бір мезетте-ақ өзгереді, - деп түсіндірді

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың оқу-методикалық, тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Николай Линок.

Өңіріміздің белді университетінде 409 оқытушы жұмыс атқаруда. Басшылықтың жүргізген сараптамасының нәтижесінде 124-і зейнеткерлер болып шыққан. Сондықтан өз істерінің мамандары, ғылыми дәрежелері бар болғанына қарамастан оларды жұмыстан босатты.

- Жаңа заман, жаңа дәуір келеді. Сондықтан оқытушылардың жаңа құрамы қажет. Себебі 2020 жылы бізге ағылшын тілінде сабақ оқыған студенттер келеді. Сондықтан біз қазір жастарды дайындау үстіндеміз, - деді Николай Линок.

Университетте білім беретін жаңа, жас мұғалімдердің басым бөлігінде (50-ден астамы) магистрлік дәреже бар. Көптеген ұстаздарда phd докторлық дәрежесі де бар екен.

- Жаңа оқытушылар құрамын жинақтау үшін біз «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарына конкурс жарияладық. Соның арқасында біздің оқытушылардың географиялық жағдайы кеңейді. Бізге Семей, Алматы және тағы басқа қалалардан білікті мамандар келді, - деп атап өтті проректор.

Ал зейнет жасындағы оқытушылардың жағдайы баршаға алдын ала белгілі болған екен.

- Зейнеткерлерді еңбек заңының аясында алдын ала ескертіп, оларды зейнеткерлікке жібердік. Кейін сараптау жүргізіп, олардың біліктіліктерін қайта қараудың арқасында олардың кейбірімен қайта келісімшарт жасастық, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың оқу-методикалық, тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Николай Линок.

Жаңа оқу жылының басында университет қабырғасында 70-86 жас аралығындағы зейнеткерлер қызмет еткен екен. Олардың жартысы зейнеткерлікке жіберілсе, біліктілігі лайықты деп танылғандармен қайта келісім жасалған.

Осылайша, университеттің келбетін, беделін қалыптастыру жолында еңбек еткен, профессор, ғалымдар, яғни университ оқытушыларының алтын қоры лайықты зейнеткерлікке жіберіліп, олардың орны жас магистрлермен толықты.


Ақерке Рағызбаева
Следующая →