Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Емделуші дәрігерді өзі таңдай алады

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет денсаулық сақтау қызметтерінің жаңа үздік инновациялық жобасын іске қосты

Жобаның күштілігі соншалық емделуші PHR.kz интернет-порталына кіріп, қалаған дәрігерді таңдап, кеңес алып, емделе алады. Бұл сайт арқылы шалғайда орналасқан аудандардағы ем қабылдаушыларға жақсы мүмкіндік.


Адам денсаулығының ақаулары, көбіне адамның өмір салтымен және оның жүріс-тұрысымен байланысты болуымен орай, дәрігерлер науқастың емдеу режимін дұрыс сақтауы үшін және оның мотивациясын өзгерту мақсатында, қарым-қатынас құрудың ерекше формасын ұстануы қажет. Өзара қарым-қатынас жасау барысында, тіпті емдеудің басында науқас дәрігердің пікірімен келіспеуі мүмкін. Сонымен қатар науқастың дәрігерге қаралуы үшін қандай алыс қашықтықтан келетінін де ескере кеткеніміз жөн. Себебі, емделуші қаралғаннан кейін, дәрігердің қорытындысы бойынша бір ауыз сөзін есту үшін сонау алыс орналасқан өлкеден қалаға келуге тиіс болады. Соған орай, Қазақстандағы жаңа инновациалық жобаның ашылуы осы мәселелердің жолын жеңілдетеді деп ойлаймыз. «Human Development Group» АҚ халықаралық ынтымақтастықта әзірлеген және қазірдің өзінде қолжетімді болып отырған, пациенттер мен дәрігерлер өзара әрекеттесетін сервистер. Бұл ақпараттық ортаның денсаулық сақтау саласын басқаратын органдарға, тіпті медицина ұйымдарына емес, тікелей пациенттерге және олардың жақындарына арнап құрылған Қазақстан үшін мүлдем жаңа тәсілдеме болмақ. Жоба бойынша айта кетсек phr.kz порталы емдеу процесінің басқару мүмкіндігіне ие. Рhr.kz сервисі пациенттерді дәрігерлермен жалғастыратын, пациенттердің пікірлеріне қарап лайықты маман таңдауға, оған өзінің денсаулығы туралы ақпарат беруге, өзінің емделу үдерісін қадағалауға, оған белсенді түрде қатысып, барлық қажетті түсіндірмелерді алуға және кез келген уақытта өзінің дәрігеріне хабарласуға мүмкіндік беретін виртуалды алаң болып табылады. Онда жеке денсаулық сақтау картаңыз электронды түрде беріледі. Портал арқылы дәрігер емделушінің денсаулығы туралы барлық дереккөздерін оқып біле алады. Сонымен қатар ондағы барлық деректер құпия түрінде болады. Тіпті дәрігердің өзі науқастың рұқсатынсыз ем қабылдаушының электрондық порталына кіре алмайды.



- Шыны керек, кейде дәрігерлердің науқастарды қабылдауға уақыттары жетпей жатады. Оның себебі кей науқастарды қарауға кем дегенде 30-40 минут кетеді. Сондай-ақ, науқастардың алыс аймақтардан келіп жататындарын да байқаймыз, оларға бұл ақша жағынан да, уақыт жағынан да тиімсіз болып табылады, - дейді ШҚО консультативтік диагностикалық орталығының бас дәрігерінің орынбасары Борис Галич.



Бұл жобаны ШҚО бойынша іске асыру Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына міндеттелді. Қазіргі уақытта жоба төңірегінде дәрігерлер туралы ақпаратты олардың жұмыс кестесіне сай прайс мазмұнын толтыру басталды. Бұл жоба болашақта аймақтағы басқа да медициналық мекемелерде де іске асырылады деп жоспарланып отыр.



- Біз диагностикалық емдеу процесінде науқасты шақыруымыз керек. Аймақ тұрғындарының өз денсаулығын белсенді түрде басқаруына мүмкіндік беретін жобаны іске қосу жолында жасалып жатқан алғашқы қадам. Мұндай мүмкіндіктің болуы созылмалы және тұқым қуалайтын сырқаттардан зардап шегетін адамдар үшін, спортшылар және өзінің денсаулығы аса маңызды кәсіби ресурс болып табылатын басқа адамдар, сәбидің енді-енді дүниеге келуін күтіп отырған отбасылар, емделіп жатқан пациенттердің туыстары мен жақындары үшін өте маңызды.



Егер дәрігерлер мен дәрігер бірлесіп, емделушілермен жақын қарым-қатынаста болса, көптеген адамдардың өмірін сақтап қаламыз, - деді медицина ғылымдарының докторы, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Борис Галич.



Мөлдір Тоқтамыс
Следующая →