Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Халық дәрі бағалары көрсетілмейтініне наразы

Дәріхана сөрелеріндегі дәрілер бағасының жазылмауы тұрғындар мен сатушылар арасында келеңсіздіктер туғызуда

 Себебі тұтынушылар баға бағамы күнде ауысатынын байқап отыр.

- Бірде дәріханаға барып шприц сатып алдым. Ертеңінде тағы шприц керек болып, дәріханаға барсам, мүлдем басқа баға жазулы тұр. Сатушы болса, қымбаттап кетті деді. Ақиқатында солай ма, жоқ әлде бағаны әдейі солай қосып отыр ма, мен біле алмадым, - дейді қала тұрғыны Виктория Жданова.


Фармацевтер бағалардың қойылмауынан ешқандай проблема көріп отырған жоқ. Олардың пікірінше сатушы бағаны жаңа тауар келгендіктен жабыстырып үлгермей жатады.


- Жалпы алғанда базарда сатылатын тауарлардың бағасы көрсетілмейді. Сондықтан маған бағалар көрсетілу керек деген заңды көрсетіңізші, - деді қалалық дәріхана басшыларының бірі Анастасия.


ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде ондай заңның барын және бұл заңды бұзған жағдайда 30 АЕК (63 630 теңге) көлемінде айыппұл салынатынын айтты.


- ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңында сатушы өнім бағасын сөренің ішкі және сыртқы жағы арқылы көрсетуге міндетті екені жазылған. Біз тексерулер жүргізіп, ондай заңбұзушылықтарды анықтауға құқылымыз. Алайда әзірге біздің бұл үрдісті жасап бітпей, тексеруге шыға алмаймыз, - деді ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов.


Сонымен қатар, департаментте бағалардың бағамын полиция қызметкерлері бақылай алатынын айтты.


- Егер сіз дәріханадан 500 теңгелік тауарды 600 теңгеге сатып алған болсаңыз, ішкі істер органдарына шағымдана аласыз. Фармацевтердің мұндай әрекеттері үшін оларға 30-200 АЕК көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады, - деп атап өтті Ғазез Сүлейменов.


ШҚО Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментінде елімізде референтті баға құруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл Еуропа елдерінің тәжірибесінен алынып отырған жаңашылдық бағаларды бақылауға мүмкіндік береді.


Ерке Биғазина
Следующая →