Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Экологиялық залалды өтей алады ма?

Риддер қаласында орын алған апаттық жағдайға «Казцинк» ЖШС жауапты болып, қоршаған ортаға тигізген залалы үшін шығынын өтеуі қажет

«Казцинк» компаниясы Риддерде орын алған жағдай үшін жауапқа тартылып, 4 млрд теңге көлемінде шығын төлеуге міндеттелді. Алайда компания бұл шешіммен келіспей сотқа арыздануда.

- Экология департаменті судың ластану деңгейін зерттей отырып, 4 млрд теңге көлеміндегі шығынды шығарды. Бұл жағдаймен келіспеген «Казцинк» ЖШС өз құқығын негізге ала отырып, сотқа қайта шағымданды. Өткен аптада олардың шағымдары қайтарылды. Алайда олар аппеляциялық түрде тағы бір рет істі қаратуға құқылы, - деді ШҚО прокуротурасының 6-басқарма басшысы Мақсұт Аринов.

Қазіргі уақытта аталмыш іске қатысты экологиялық сот сараптамасы жүргізілуде. Оның нәтижесі қараша айында белгілі болады.

- Экологиялық сараптама қоршаған ортаға зиян тиді ме, жоқ па деген сұрақтың жауабын береді, - деп толықтырды Мақсұт Мағауяұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Риддер қаласындағы «Казцинк» ЖСШ-да апаттық жағдай орын алып, қаладағы Филипповка өзеніне ауыр металл қалдықтары түскен. Кейін Үлбі өзенінің де түсі өзгеріп, халықты дүрліктірді. Экологтар сол кезде апат орнынан алынған сынамада мөлшерлі концентрациядан асуы үш металдың құрамында – мырыш, мыс, марганец бойынша анықтағанын хабарлаған еді.

Ақерке Рағызбаева

Следующая →