Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұстаздар деңгейлік курстардан өтіп жатыр

Үштілді білім беру бойынша Шығыс Қазақстан облысы өңір басшысының тапсырмасымен бір жарым жыл көлемінде жұмыстар жүргізіп келеді

- Жалпы, министрліктің беріп жатқан ақпараты бойынша оқушылар жоғары сыныптарға барғанда физика, химия, биология сынды пәндерді бірден ағылшынша оқып кетеді деген ақпарат таралуда, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова. - Ал біздің облыстың ерекшелігі, яғни, Даниал Кенжетайұлының қойып отырған тапсырмасы ең алдымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытатын мұғалімдердің деңгейін көтеру. Оқытушылардың деңгейін жоғарылата отырып, оқушыларға да тілді толық меңгертуге мүмкіндік туады. Содан кейін барып пәндік мұғалімдерге көшеміз.

Негізінен осы үштілділікті дамыту бойынша облыстың жасаған кешенді жоспары тіл оқыту мұғалімдеріне бағытталған. Сонымен қатар, барлық мектептерде бірдей оқулық қолданып, бірдей әдістемелік жүйе қалыптастыру қолға алынған.

- Ағылшын деңгейлеп оқыту жүйесі бойынша халықаралық деңгейдегі барлық қажетті құралдар болғанымен, қазақ және орыс тілдерін деңгейлеп оқыту әдісі бұған дейін болмаған, - дейді Айжан Ерханқызы. - Қазақ тілін оқыту үшін Фаузия Оразбаеваның әзірлеген оқулығын зерттеу барысында ол Қазақстандағы қазақ тілін деңгейлеп оқытатын бірінші оқулық екендігін аңғардық. Кейін тәжірибелік оқу құралын Білім және ғылым министрлігі бекітіп, облыстағы 324 орыстілді мектептердің барлығына осы оқулық сатып алынды.

Ал орыс тілін қазақ мектептерінде деңгейлеп оқыту әдісі Қазақстанда да, Ресейде де болмаған. Мәскеуде Елизавета Хамраева аталған әдіс бойынша оқулықтарды жаңадан шығара бастаған. Біздің облыстан 8 ұстаз тәжірибеден өту үшін Мәскеуге аттанып, бар оқулықтардың негізінде оқыту әдістемесін жасаған.

Енді тіл оқыту мұғалімдері осы жаңа бірегей әдістеме бойынша 36 сағаттық курстан өтеді. Сонымен қатар, 1150 ағылшын тілі мұғалімі, 979 қазақ тілі және 889 орыс тілі мұғалімі диагностикадан өтті. Нәтижесінде көптеген ұстаздар тіл пәндерін өздері толық меңгермегендігі анықталған. Сол үшін оларды үш деңгейге бөліп, біліктіліктерін арттыру курстары ұйымдастырылуда.

Назерке Кәрімова
Следующая →