Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Глубокое ауданындағы техникалық колледжінің тағдыры қандай болмақ?

Глубокое ауданының тұрғындары техникалық колледждің жабылуы мүмкін екендігін ести сала қарсылықтарын білдіріп, колледжді сақтап қалу үшін әрекет етуде

Верхне-Березовск ауылындағы техникалық колледжінің сыйымдылығы 240 адам болса, онда қазіргі уақытта небары 110 студент білім алуда. Ал осы ауылдан 20 шақырым жерде тағы бір аграрлық-техникалық колледж орналасқан. Бұл колледждің сыйымдылығы 450 орындық болса, онда 112 студент оқып жатыр. Екі колледждің сыйымдылығын ескерген ШҚО Білім басқармасы екі колледжді біріктіруді жоспарлап отыр.

- Біздің техникалық колледж толықтай жөндеу жұмыстарынан өткен. Оқушылар да, ата-аналар да колледждің жабылуына қарсы, - деді ШҚО әкімінің қабылдауына келген Валентина Кукченко.

Білім басқармасы екі колледжді біріктіру арқылы бос қалған 110 орындық техникалық колледжге Белоусовка ауылындағы облыстық кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында оқып жатқан оқушыларды көшіруді ұсынды. Ал ол мекемеде 2-ақ бала оқиды.

- Белоусовка ауылындағы облыстық кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты аграрлық-техникалық колледж жатақханасының нысаны болып табылады. Бұл ғимарат қажетті нормаларға жауап бермейді. Өйткені онда оқыту сыныптары, спортзал жоқ. Біз бұл жатақхананы босатып, ондағы оқушыларды Верхне-Березовск ауылындағы техникалық колледждің ғимаратына ауыстырғымыз келеді, - деп түсіндірді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова.

Облыс әкімі болса, 2 бала оқитын мектепті 110 адамға қарастырылған колледж ғимаратына ауыстырудың мақсатын түсіне алмады.

- Мен бюджет қаражатының беталбаты шашылуына қарсымын. Сіздер ұсынып отырған нұсқаның өзі тиімсіз. Аграрлық және техникалық колледждерді қосқан жағдайдың өзінде ғимарат бәрібір бос тұрады. Себебі арнайы интернатта оқитын балалар саны мүлдем аз. Бүкіл Қазақстанның кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскер балаларын жинайтын болсақ та 240 орын толмайды. Сіздердің ұсыныстарыңыз ойға қонымсыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Бұл мәселені шешу үшін аймақ басшысы өзінің орынбасарларына 10 күн уақыт беріп, өзінің екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі, техникалық колледжді өз орнында қалдырып, түлектерді көптеп қабылдау. Өйткені Глубокое ауданындағы қытайлық компания 2018 жылы 1300 орынға маман алатын болады. Олардың өздері де колледждегі құрылыс мамандығындағы студенттерді әзірлей беруді сұрап отыр. Екіншісі, егер колледжді көшіретін болса, онда бос қалған ғимаратты толығымен пайдаланатындай жағдайды қарастыру керек.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →