Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зырян ауданының жиектастары жоғары сұранысқа ие

Серебрянка қалашығында орналасқан жиектас шығарушы зауыт қазіргі күнде сапалы өнімдерімен аймаққа танылып келеді

 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бірер жыл бұрын ашылған кәсіпорын ирандық заманауи техникалармен жабдықталған.

Бүгінге дейін жобаны толықтай жетілдіру үшін 9 млн теңге қаражат жұмсалған. Жаңа өндіріс ошағы жиектас және тақтайшалардың жиырмадан астам түрін шығарып келеді. Ал ирандық резиналық қалыптарға құйылған тақтайшаларды өңдеу оңай және сапасы жоғары болып шығады.

- 2014 жылы кәсібімізді бастасақ та, әр жыл сайын жаңашылдық енгізіп, жаңа серпінмен кірісіп келеміз. Қазірдің өзінде Серебряновка қаласын толықтай жиектастармен қамтамасыз етіп отырмыз. Ал орталық алаңды түрлі бедерлі тақтайшамен қоршап шығу деген біз үшін көп жұмыс емес. Тек тапсырыс болса болғаны, кез келген көлемді қысқа уақытта сапалы етіп әзірлеп береміз, - деді кәсіпорын директоры Салтанат Сұңғатова.

Сондай-ақ, жуырда жиектастармен қатар, цементтен құйылған қоршаулар шығару да қолға алынған. Сапасы жоғары болып келетін жиектастар мен қоршаулардың тағы бір ерекшелігі, бағасы жергілікті тұрғындар үшін тиімді.

Айта кетсек, Зырян ауданында Елбасының 5 институционалды реформасының ІІІ бағыты «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыты бойынша 2016-2020 жылдар аралығында 6 бағыт бойынша экономиканы жетілдіруші 65 жоба құрылған. Ал жыл басынан бері ауданның өзінде 282 шағын кәсіп көзі тіркелген.
Следующая →