Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өңір жастары неге шетелге қоныстануда?

Шығысқазақстандық жастардың бір бөлігі шетелдерге қоныс аударып, шетелде білім алуды жөн санайды екен.

Бүгінгі таңда 1170 студент Ресей еліндегі жоғары оқу орындарына тапсырып, сол жақтың білімін алуға құмар.

- Жастардың шетелге қоныс аударуларының басты себебі – жоғары оқу орындарына оқуға түсулері болып отыр. Студенттер Томск, Барнауыл, Новосібір қалаларында нанотехнология, ядролық физика, металлургия, горное дело, инженирия, медицина мамандықтары бойынша білім алуда, - деді ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Сембинов.

Ішкі саясат басқармасы шетелдердегі студенттермен жүргізген жұмыстары нәтижесінде студенттердің 35%-ы жұмыспен қамтылған жағдайда елге оралып, елде білім алуға қарсы еместігін анықтаған.

- Томск, Барнауыл, Новосібір қалаларындағы жоғары оқу орындарымен облысымыздағы оқу орындар бәсекеге қабілетті. Ресейдің металлургиясы біздің өңіріміздегімен теңеспейді. Біздің Ақтоғайда жаңа технологиялы зауыт салынып жатыр. Ресей өздеріне бұл австралиялық технологияны әлі енгізе қойған жоқ. Ядро бағытына келсек, біздегі зауыт әлемдегі үздік зауыттырмен теңесе алады. Инженериямыз да жақсы дамуда. Медицина саласында сәл ақсаңдаулар бар, бірақ біз бұл саланы да әлі қамтып үлгереміз, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Облыстық ішкі саясат басқармасы 1 қазанға дейін студенттерді облысымызға қайтару мақсатындағы жұмыс жоспарын облыстық мәслихаттың талқылауына ұсынады. Аймақ басшысы болса, студенттерді өңірімізге қайтарып, оларға білім алуларын облысымызда жалғастыруға және оларды жұмыспен қамтуға жағдай жасау керектігін баса айтты.

2016 жылдың бірінші жартысында 18-29 жас аралығындағы 695 жас шығысқазақстандықтар өзге елдерге өз еріктерімен ауып кетті. Олардың 669-ы қоныстануға қолайлы ел ретінде Ресей елін таңдап отыр екен.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 316 мың адамды құрайды. Бұл жалпы тұрғындар санының 22,6 пайыздық үлесіне ие.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →