Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Елімізде ғана емес, Еуразия кеңістігіне танымал - Ұлттық парк

Дертке дауа, жанға шипа өзінің әсем табиғатымен әлемге танылған Катонқарағайда ұлттық парктің құрылғанына 15 жыл толуына орай ұлан-асыр той өтті

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген шара Катонқарағай мәдениет үйінен бастау алып, оған ұлттық парктін қызметкерлері және ұлттық паркпен шекаралас жатқан Қазақстан және Ресей табиғаттықорғау мекемелерінен қонақтар қатысты.

Ұлттық парк қызметкерлерін аудан басшысы Ахметқали Нұрғожин мерейтоймен құттықтап, аталмыш мекеме ауданның әлеуметтік-экономикасын дамытуға өз үлесін қосып жатқандығын тілге тиек етіп, ұжымға құрмет грамотасын және бағалы сыйлық табыс етті.

Сонымен қатар, ұлттық парктің бас директоры Ерлан Мұстафин өз кезегінде аталмыш мекеменің құрылу тарихын, атқарылған жұмыстары жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ерлан Мұстафин парк қызметкерлерінің ең үздіктеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Аталмыш парк қызметкерлерін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Людмила Краева, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық инспекция комитетінің бастығы Ерлан Упобаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Мұрат Кусаинов, Ресей Федерациясының «Катунь биосфералық қорығының» директоры Александр Затеев сынды азаматтар құттықтады.

- Катонқарағай ұлттық паркінің аймағы 644 472 га құрайды. Ол үш зонаға бөлінеді қорықтық, шаруашылық, туристік аймақтар. Онда 5 филиалымыз бар, оның ішінде он орманшылық, онда 350 инспектор қызмет атқаруда. Сонымен қатар, қосымша 120 адам әр түрлі қызмет атқарады. Осы жылы барлық қызметкерлердің жалақысы 40%-ға өсті. 15 жылда біз көп жетістікке жеттік, соның ішінде ауылдық туризм айтарлықтай дамыды. Бізде тоғыз бағыт ашылды. Ең үлкен - Мұзтау бағыты. Осы бағыттардың барлығы жұмыс атқаруда. Жылына бізге мөлшермен мыңнан астам адамдар келеді. 4 сарқырамамыз бар, олардың жанында үйлер салынған, Қаракөл, Марал, Қалмұш көлдерінде балық аулауға рұқсат берілген. Сондай-ақ, санақ жүргізеннен кейін, кейбір аңдардың көбеюіне байланысты комитеттен аң атуға рұқсат береді. Туристерімізге біз көрме алаңын ұсынамыз, ол жерде аңдарды бақылауға болады, - деді Катонқарағай ұлттық паркі басшысының бірінші орынбасары Кеңесхан Қошарбаев

Айым Касембаева
Следующая →