Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыстағы түйнемеге қатысты қойылған карантин алынды

Облысымыздағы сібір жарасына қатысты қойылған карантин алынып, осы дертке шалдыққан ер адам ауруханадан шығарылды

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын елімізде түйнеме дерті жайлап, елді дүрліктірген еді. Біздің облыстан өзге тағы Павлодар, Алматы және Қарағанды облысындағы 14 адамнан осы «аты жаман» дерт анықталған еді. Түйнеме салдарынан, тіпті, үш адам көз жұмды. 
Шығыс Қазастан облысында түйнеме дертіне шалдыққан малдың етін бөлшектеген екі ер адам, медициналық тексеруден толық өтті. Олармен байланыста болған адамдар ауру жұқтырмады. Елімізде ауру малдың етін пайдаланған  барлығы 300 адам қатаң бақылауда болды. 
- Емделушілер бір ай бойы Жарма ауданындағы орталық емханада ем қабылдады. Осы уақыт аралығында олардың ауру белгілері түгел жойылып, жазылған жара қабыршықтары да түсіп қалды, - деді  аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сандуғаш Ильясова. – Науқастардың толық жазылғандықтарын зертхана сараптамалары да дәлелдеп отыр.
Мамандардың айтуынша, түйнеме дертінің қаулауына осыдан біраз жыл бұрын қауіпті дерттен өлген малдардың жемтігін көмген қорымдар себеп болып отыр. Өйткені сібір жарасы споралары топырақта бірнеше жылдар бойы сақтала береді. Енді үкімет басындағылардың алдында осы дерттің өршуін болдырмауды қадағалау тапсырмасы тұр. 

Назерке Кәрімова

Следующая →