Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Шығыс Балдырған" балабақшасына кірер жол жоқ

"Шығыс Балдырған" балабақшасына кірер жолда көліктер қаңтарылып, көше кептелістен көз ашпайтындығы ата-аналар наразылығын тудырып отыр

Балабақша орналасқан көшедегі жолдың тарлығына қарамастан, тұрғындар өз көліктерін балабақша алдына қаңтарып қоятын көрінеді. Сонымен қоса ары-бері өтіп жатқан көліктердің есебінен де таңертең балаларын балабақшаға көлікпен алып келетін ата-аналар кіре алмай жүретін көрінеді.

Осы мәселе бойынша «Шығыс Балдырған» балабақшасының директоры Фарида Орақбаева бірнеше органдарға хат жазған. «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы осы мәселе бойынша құзырлы органдарды жинап, мәселенің шешімін табуға тырысты.

- Күнде таңертең балабақшаға балаларға арналған азық-түлік жеткізіледі, - дейді «Шығыс Балдырған» балабақшасының директоры Фарида Орақбаева. - Ал олар келген уақытта балабақшаға кірер жолдың барлығында көліктер тұрады да, азық-түлік көлігі балабақша қақпасына өте алмай қалады. Көліктің иелерін іздеп қанша уақытымыз кетеді. Тіпті осы олқылықтың кесірінен азық-түлік тасымалдайтын компаниялар бізбен қызметтес болуға құлықсыз.

Фарида Сейітханқызы туындаған мәселені шешу үшін балабақша қақпасын ғимараттың келесі жағынан ашуға да дайын екендігін айтады.

- Бұл жер қазір заңсыз тұраққа айналған. Бірақ бұл жер телімінің иесі де бар. Таныстарымыз арқылы сұрастырып, білгенімізде жер телімі банкке кепілге қойылған екен. Ал банк жер телімін сатып алуға ұсыныс білдірді, - дейді балабақша директоры.

Алайда балабақша ғимаратын жалға алып отырған директор, жер телімін сатып алуға мүмкіндігі жоқтығын айтады. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін тым болмаса балабақшаға кірер жол бойына көлік тұрағына шектеу қоятын белгі орнатылуын өтінді.

Ал бір белгіні орнатудың өзі 28 мың теңгеге шығады екен. Қалалық ТҮКШ маманының айтуынша егер қалалық көлік инспекциясы ұйғарым шығарса, балабақша алдындағы жолға белгі қойылатын болады.

- Балабақшаға жақын орналасқан қоқыс төгетін жәшіктер толы екені байқалады. Егер қоқыс жәшіктері уақытылы тазартылып тұратын болса, бұлай толып қалмас еді. Осы орайда тұрған үш контейнерге бөлінген тұрғын үйлер саны артық па деген сұрақ туындайды, - дейді Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Екібасова Майраш.

Балабақша директоры көтерген мәселелер рейд барысында толық қаралып, құзырлы органдардың өзара ақылдасуы барысында мәселенің шешімін табуға тырысты. Сонымен қатар, балабақша орналасқан көше бойындағы тазалық та басты назарға алынды.

Айта кетейік, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған 1,5 және 4 жас аралығындағы балаларға арналған 140 орындық балабақша ағымдағы жылдың 20-шы сәуірінен бастап жұмыс істеп келеді.

Назерке Нұрболатқызы
Следующая →