Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданында жайлы демалысқа жағдай жасалуда

Ұлан ауданы туризмді дамыту бойынша кешенді жоспарларды жасауды қолға алды

Аудан аумағында Бұқтырма су қоймасы, Шыбынды, Сібе және Дұбығалы көлдері сынды демалыс орындары орналасқан. Сонымен қатар, ауданда сыйымдылығы 2776 жатар орынды құрайтын 27 демалыс орындары қызмет етеді.     2015 жылы демалыс орындарына келген адамдардың саны 2014 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артып, 16520 адамға жетті. Олардың 8 мыңға жуығы Ресей Федерациясынан келген туристер.
-  Биыл біз Сібе көлдеріндегі демалыс орындарын дамытуға бағытталған кешенді жоспар құрдық, - деді баспасөз мәслихаты барысында Ұлан ауданының әкімі Дәурен Батырбаев. - Атап айтқанда, үшінші көл – Шалқар көлінде біз муниципалды жағалауды дамытпақпыз. Сол үшін облыс басшылығының қолдауымен Өскемен-Самар және демалыс орындарына дейінгі автокөлік жолдарының 125 шақырымын жөндеуге 2 млрд теңге бөлінді.
Демалушыларға барлық жайлы жағдайды жасау үшін автокөлік тұрағы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг ұйымдастырылады. Көлдің жағалауына 2 пирс орнату, катамарандар мен қайықтарды жалға беру жоспарлануда. Сонымен қатар жағалау волейболы мен футболына арналған спорттық және ойын алаңдары салынып, ошақ жағатын орындар мен мангал орналастыратын алаңдар жабдықталады. Сондай-ақ, күркелер мен жаппалар, сантехникалық желілер, душтар мен киім ауыстыратын орындар салу да жоспарда бар. Көлдің жағасында этноауыл орналастырылып, туристер ұлттық қолөнер бұйымдарымен танысып, ұлттық тағамдардан ауыз тие алады.
Демалыс орнында жаяу және велотурға, жылқымен және квадрациклмен жүруге арналған маршруттар жасалады.
-  Біз маршрутты жоңғарлардың Айблайкит буддалық қамал-монастіріне салуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті аудан әкімі. - Облыс әкімінің бастамасымен бүгінгі таңда бұл нысанда Марғұлан атындағы археологиялық институты археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Құрылыстың жоспары құрылып, облыстық қала құрылысы комиссиясының сараптамасынан өтті. Қазіргі таңда жер телімін анықтау жұмыстары аяқталып, көлді және жағалауды қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
-       Сонымен қатар Дұбығалы көлінде ойын-сауық жағалауының құрылысы жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 50 млн. теңге. Жоба 2016 жылы жүзеге асырылмақ, - дейді Дәулет Бақытұлы. - Одан өзге Тайынты ауылының маңайында орналасқан Шыбынды көлдегі «Күлсара» демалыс орнында кафе, теннис кортын, жағалау волейболына арналған алаң ұйымдастыру жоспарланған.
 
Назерке Нұрболатқызы
Следующая →