Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қарбыз жеу әзірге денсаулыққа қауіпті

Базарда мерзімінен ерте саудаға шығарылатын қарбыз өте қауіпті. Бұл жағдайда нитраттардан улану мүмкіндігі артады

Мамандар қарбызды тамыз айынан бастап қана жеуге кеңес бергенімен, маусым айынан бастап базарларда толып тұратыны анық. Абырой болғанда, ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, биыл өңірімізде маусымдық жеміс-жидектерден улану фактісі тіркелген жоқ. Базарларға мерзімінен бұрын әкелініп, қызу саудаға түсіп жатқан жеміс-жидектер толық тексерістен өткізілетін көрінеді. 
Аумаққа тасымалданатын барлық көкөністер мен жеміс-жидектер алдымен тауар-көліктік жүк құжаттары бойынша фитосанитарлық инспекциясымен берілетін сертификаты  болған жағдайда  Өскемен қаласындағы «Дина» көтерме және бөлшек сауда кешеніне  келіп түседі. Онда ЖШС «Полисертико» лабороториясында көкөністер құрамы  нитраттар мен пестициттер қалдығына зерттеледі. Өнімдер сатылымға тек зертханалық зерттеу нәтижесінен кейін түседі.
- Бүгінгі күнде «Полисертико» ЖШС лабороториясымен 1119 сынақ зерттелген, алайда нитраттар мен пестицидтер қалдықтары артық  фактілері анықталмаған, - дейді ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының м.а. Болат Қуанышбаев. – Ал осы сынақтарда құрамынан қалдық (нитраттар немесе пестицидтер) артық болғаны анықталған жағдайда тиісті сарапшылық актісі толтырылып, барлық қалған өнімдер сатылымнан алынады.
Мамандардың айтуынша, нитрат – барлық тірі ағзада кездеседі. Табиғатта құрамы нитратсыз бірде-бір өнім жоқ. Ол адам ағзасына 70%-ы көкөністерден, 20%-ы судан, 6%-ы ет пен консерві өнімдерінен түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен ережесінде ағзаға тәулігіне дене салмағына 5 мг нитрат жеткілікті. Яғни, орташа салмақ 70 кг болса, тәулігіне 350 мг нитрат болады. Егер адам ағзасына бір күнде 600-700 мг нитрат түссе, ересек жанның өзі уланады.
Жалпы, ең жылдам өнетін сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай піседі екен. Ал қарбыздың нақ піскен уақыты - тамыз айының соңынан бастап қазан айына дейінгі кезең. Көбі жаздың ысытығында шөлін қарбызбен қандыратыын анық. Қарбыз және қауындарды таңдау кезінде қателеспес үшін ең бірінші заңсыз ұйымдастырылған базарларда сауда жасамауға тырысу керек. Негізі бақшалық дақылдарды сатуға арналған орын қоршалған және күн сәулесінен, жауын-шашыннан қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, сату орны шатыр астында орналасып, қарбыздар биіктігі кем дегенде 20 см арнайы сөрелерде сақталуы қажет. Қарбыздарды жолдың шетіндегі сауда орындарынан сатып алуға болмайды, өйткені оларға автокөлік газдарының құрамында болатын ауыр металлдар тез жиналады.  
Мамандар қарбыз сатып алар кезде қабығының бүтіндігіне, сызатсыз, жарықсыз, шұңқырсыз болу керектігіне назар аударуға кеңес береді. Өйткені қарбыздарды тасмалдау кезінде көп лақтырады, содан пайда болған шұңқырлардағы қарбыздың жұмсағы ашып кетеді. Сонымен қатар, кесілген өнімдерді тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтамауға тырысу керек. 
Уланудан аулақ болу үшін қарбызды қабығына дейін жемеген абзал. Себебі нитраттардың көп мөлшері қабығына жақын және түбіріне қарай жиналады. Сонымен қатар, өз құқығыңызды қорғау үшін сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрау керек.
Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, аталған жемістерден уланған жағдайда міндетті түрде бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Негізі, қарбыздан уланудың алғашқы белгілеріне: шаршаудың жоғарлауы, қатты бас ауыру, жүрек айну, құсу және іштің өтуі жатады. Кейбір жағдайларда дене қызуы көтеріледі, дірілдеу және буындардың сырқырауы орын алады.
- Жеміс-жидектен зардап шеккен азаматтар медициналық қызметке жүгінген жағдайда, аумақтық басқармаға шұғыл хабарлама түседі, - дейді ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының м.а. Болат Қуанышбаев. - Артынша жағдай егжей-текжейлі тексеріліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жазаға тартылады. 
Осы орайда қарбыз құрамындағы адам денсаулығына зиян нитраттардың мөлшерін анықтаудың қарапайым жолдарын да келтіре кетейік. Егер өнімді қақ ортасынан бөлгеннен кейін, бетінде ақ немесе сары талшықтар көзге көрініп тұрса, оны жеуге асығудың қажеті жоқ. Екінші тәсіл қарбыздың мәйегін алып, ыдыстағы суға саламыз. Су алқызыл түске боялса, бұл өнімнен мүлде бас тартқан жөн. Мамандардың айтуынша, артық нитраттар бауыр, бүйрек ауыруына, асқазанның қатерлі ісігіне, жүйке және жүрек-қан тамыр ауруларына алып келіп, иммунитеттің төмендеуіне негіз болады. Одан өзге, нитраттар қарбыздан бөлек, қырыққабат, қияр, сәбіз және көкшөптерде де жиі кездеседі.

Назерке Кәрімова

Следующая →