Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семей қаласындағы су, жарықпен жабдықтау жұмыстары

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов баспасөз конференциясында қаладағы су, жарықпен жабдықтау мәселелерін атап өтті

Қала шетінде орналасқан Комсомол, Ұшақтар, Восход, Водный, Восточный сынды аудандарда тұрғындар рұқсатпен, рұқсатсыз үйлер салып алады. Сондықтан қала басшылығы оларды ауыз және электр энергиясымен қамтуды басты орынға қойып отыр. 
- Қазіргі уақытта бұл тұрғындармен жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ұшақтар ауданы бойынша жоба өткен жылы әзірленді. Биыл қалалық бюджеттен 48 млн теңге бөліп, конкурс өткіздік. Енді жұмыстарды жүргізу ғана қалды. Біз осы бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастырамыз, - деп атап өтті қала басшысы. 
Қала әкімі сенбі, жексенбі күндері жергілікті тұрғындармен кездесіп, жағдайдың мән-жайын түсінідіріп, халықтың хал-ахуалын біліп отыратындығын да тілге тиек етті. 

Тұрғын үй құрылысы

Биыл Семей қаласында 76,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 
Қалада даму болашағы жоғары Қарағайлы ауданы бар. 147 га жер телімін алып жатқан бұл ауданда биыл барлық инфроқұрылым жүргізіліп, аудан су, жарық жүйелерімен қамтылатын болады.
- Барлық көпқабатты құрылысты осы ауданда жүргізуге тырысудамыз. 80 үй, 2 мектеп,  жатақхана, 3 балабақша, спорттық кешені бар абаттандырылған ауданға айналатын болады, - деді Ермак Сәлімов. 

Ерке Биғазина

Следующая →