Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семей қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «ШҚО Ақпараттық орталығы» аймақтық коммуникациялар қызметінде журналистермен баспасөз конференциясын өткізді

Баспасөз жиыны барысында қала басшысы Семей қаласының әлеуметтік жағдайына тоқталып, шешімі таппай тұрған мәселелерді атап көрсетті. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы оң нәтиже беріп отыр. 

Әлеуметтік-экономикалық жағдай

Өткен жылмен салыстырғанда қаңтар-мамыр айларында Семей қаласындағы өндірістік, тау-кен өнеркәсібінің, ауылшаруашылық өнімінің көлемі артты.
- Биыл Семей қаласы бойынша алтын, цемент, ұн, макарон өнімдері мен құс еті, аяқ қиім, киіз өнімдерінің өндірісі артты. Мұның барлығына инвестиция тарту жолында жасалған жұмыстардың нәтижесі, - деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов. 
Қалада ет өндірісі 10%-ға, сүт өндірісі 0,8%-ға өсіп, жұмыртқа өндірісі өткен жылғы көлемді орындады. 

Автобус парктері жаңарады
 
Қазіргі таңда қаладағы автобустардың қозғалысы құрылған тәртіпке сәйкес жүргізілмейді. Алыс-шалғай аймақтарға автобустар жүрмей жатса, кейбір автобустар кеш батпай жатып тоқтап қалады. Қала басшылығы бұл мәселелерді шешу мақсатында қоғамдық көліктердің қозғалысы да бақыланатын болатындығын атап өтті.
- Тасымалдаушылардың қозғалысын бақылау мақсатында бюджеттік есептен 500 млн теңгеге GPS-навигатор сатылып алынды. Оларды автобустарға орнатып, автобустардың жүрген  бағытын бақылайтын боламыз. Бұл бізге олардың қай уақытта қозғалыстарын тоқтатқанын көрсетеді, - деп атап өтті Ермак Бидахметұлы. 
GPS-навигаторды орнатудан бөлек, қала басшылығы жаңа автопарктегі көліктерді жаңартпақ. 
- Тасымалдаушылардың 70%-ы өз көліктерін жаңартуды қажет деп санамай отыр. Сондықтан біз Еуропалық қайта құру және даму банкінен несие алу арқылы 83 қоғамдық көлікті сатып алып, оны автотасымалдаушыларға жалға беретін боламыз, - деді Семей қаласының әкімі.
  

Следующая →