Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданында алғаш рет жел электр станциясы салынады

Ұлан ауданының таулы аймақтарында қуаты 24 МВт болатын құны 20 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба - жел электр станциясы салынбақ

Германиялық HUBEI HONGYUAN POWER ENGINEERING және «Spain Consalting» ЖШС инвестициялық компанияларының есебінен салынатын жел электр станциясы Тайынты ауылының маңындағы таулы аймаққа орнатылады. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлімдеді. 
 – Аталған жоба екі жыл көлемінде іске асатын болады. Бірінші жылы станцияға апаратын жолдар салынып, электр желісі тартылса, келесі жылы құрылғылар орнатылады. Қазіргі күнде шетелдік инвесторлармен келісімшарт құрылып, жоба құжаттары толықтай әзір болды. Сондықтан құрылыс жұмыстары жуық арада басталады, – деді Дәулет Батырбаев.
Сондай-ақ, станция құрылатын таулы аймақтағы жел күші де есептелінуде. Егер жел күші қажеті нормаға жететін болса, станция ауданды толықтай электр қуатымен қамтамасыз етпек
Следующая →