Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Биыл өңірімізге 318 отбасы оралды

Тәуелсіздік алған жылдан бері облысымызға 50 мыңнан астам қандастарымыз тарихи Отанына оралған екен

- Соңғы жылдары көші-қонға қатысты заңға енгізілген өзгерістерге байланысты қазақтардың еліне оралу үрдісі азайғандығы байқалады, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының м.а Самал Мырзабаева. - Былтыр өңірімізге 300 отбасы келген болатын. Алайда, биыл заң қайта қаралып, оң өзгерістер енгізілді.  Соның арқасы болар, биыл 318 отбасы келді. 
Көші-қон саласындағы заңға былтыр енгізілген өзгерістер жайлы қандастарымызға ақпарат беріп, олардың түйіткілді мәселелеріне жауап беру мақсатында Астанадан арнайы сарапшы келіп, кездесу өткізді.
- 2015 жылы 24 қарашада жаңа заң қабылданған болатын, - дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Этникалық және ішкі көші-қонды реттеу басқармасының бас сарапшысы Әлия Тұранова. - Яғни, бірталай кепілдіктер, субсидиялар енгізілді, жеңілдіктер қарастырылды. 
Бұрын оралмандар көші-қон полициясынан ықтиярхат алып, 3 айдан кейін ғана «оралман» мәртебесін алатын еді. Ал қазір жаңа заң бойынша алдымен «оралман» мәртебесі 5 күн ішінде беріледі, одан кейін ықтиярхат алу керек. Артынша бір жыл мерзім ішінде жеңілдетілген түрде ҚР азаматтығы берілетін болады.   
Бас сарапшының айтуынша, оралмандар үшін елімізде 7 өңір айқындалған, солардың біріне көшіп келген оралмандарға біршама жәрдем беріледі. Ол өңірлерге Батыс жән Солтүстік Қазақстан облыстары,  ШҚО, Атырау облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары жатады.
- Жол шығыны үшін отбасы басшысына 50 АЕК және әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК көлемінде субсидия беріледі, - дейді Әлия Тұранова. 
Сонымен қатар, көшіп келген азаматтардың тіркелетін орны болмаса, орталықта уақытша тіркелу мүмкіндігіне ие. 
Кездесу барысында қандастарымыз шешімін таппай жүрген сұрақтарын қойып, арнайы маманнан ақпарат ала алды. Бүгінгі күні елге оралған қазақтар түрлі анықтама жинап, қағазбастылықпен әуре-сарсаңға түсетіндіктерін айтады. Мәселен, мұнда жақындары жоқтар қаланы жақсы білмегендіктен сол анықтамаларды жинау үшін әр мекемені іздеп қиналатын көрінеді. Сол үшін арнайы бейімдеу орталықтары ашылса деген ұсыныс білдірді. Одан өзге көтерілген бірнеше мәселелерді де сарапшы министрлікке жеткізуге уәде берді.
- Негізі бейімдеу орталығын ашу туралы жоспар болған, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының м.а Самал Мырзабаева. - Алайда, қаржының жетіспеушілігінен ол жоспарды жүзеге асыру мүмкін болмай отыр.
Жалпы 1991 жылдан бастап ағымдағы жылға дейінгі аралықта тарихи Отанынан 261 104 отбасы қоныс аударып, оралман мәртебесін алды. Бүгінде олар Қазақстан халқының шамамен 10%-ын құрап отыр. Оралмандардың көбі Өзбекстаннан келген. Қандастарымыздың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Оның артынша – Маңғыстау облысы. Онда 60 мыңнан астам оралман тіркелген. Сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында 110 мыңнан астам қандасымыз өмір сүруде.

Назерке Нұрболатқызы



Следующая →