Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Алакөлдің жағасы абаттандырылуда

Алакөл көлінің жағасына жыл сайын мыңдаған туристер барады. Алайда бұл демалыс орнының шешілмей тұрған мәселелері де аз емес

Новости Казахстана / Алакөлдің жағасы абаттандырылуда
Фото:
ala-kol.kz
- Өңірге былтыр 109 мың турист келді. Ең бастысы біздің туристерге көрсететін қызметіміздің сапасын арттыруымыз керек. Осы мәселе тұрғысында біраз кемшіліктеріміз бар, - деп атап өтті Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин.

Кемшіл тұстардың бірі ретінде аудан басшысы Алакөл көлінің жағасы шайылып жатқандығын атап өтті. Қазіргі таңның өзінде су жағаның 10-15 метр аумағына дейін жетті.

- Көл жағасына пирсттерді орнатуға арналған 3 млрд 848 млн теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Бірақ республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі әлі шешілген жоқ, - деді Серіз Зинабекұлы.

Аудан әкімі туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін Алакөл жағасында медициналық орталық, полиция пункттерін салып, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін айтты. Алайда аудан бюджетінде мұндай қаражаттар жоқ болғандықтан, әкімдік республикалық бюджетке өтінім жазып отыр.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі жағажайды қоқыстардан тазартып отыру үшін «Алакөл-тазалық» мекемесін ашқан екен. Мекеме қажетті техникалармен қамтамасыз етілді.

- Аудан әкімдігі тарапынан 35 адам «Алакөл-тазалық» мекемесіне жұмысқа орналастырылды. Олар демалыс орындарында көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарын жүргізуде, - деп атап өтті аудан басшысы.

Көл жағасына электр энергиясының тартылмай отырғандығы тағы бір проблемалық мәселе.

- Күн ыстық, демалушылар көп. Олардың барлығы түрлі желдеткіштерді, кондиционерлерді, тоңазытқыштарды қосқан кезде электр энергиясының қуаты барлығына жетпей қалады. Осыған орай біз ШҚ АЭК-ке қосымша 4 мыңдық трансформатор орнатып беруге сұраныстар жасатудамыз, - деді Серік Зинабекұлы.

Алакөл көлінің жағасында 120 демалыс базалары орналасқан. 1 дәріхана, 13 сауда орындары мен 18 дәмхана халықтың жазғы демалысын қамтамасыз етуге негізделген. Сонымен қатар тағы 28 демалыс орындарының құрылысы жүріп жатыр.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →