Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыстың жері шетел азаматтарына сатылған жоқ

Шығыс Қазақстан облысының біраз жер телімі 10 шетелдік азаматтың қарамағына өтті деген ақпарат - жалған

Новости Казахстана / Шығыстың жері шетел азаматтарына сатылған жоқ
Фото:
stan.kz
Бұл туралы ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мейірхан Әшімханов жеткізді.

Осыған дейін өңіріміздегі жер Қытай және Ресей азаматтарына сатылып кетті деген ақпарат кеңінен тараған. Бұл ақпаратты Мейірхан Әшімханов жоққа шығарды.

- Ондай ақпарат келіп түсті. Мен оны өзім тексердім. Әр жерді сатып алған азаматтың аты-жөнінен бастап барлық ақпараттарды жіті бақылап, қарастырдық. Олардың барлығында ыхтияр хаттар бар. Яғни, олар Қытайдың азаматы емес, бірақ Қазақстанның азаматтығын әлі алған жоқ. Кодекс бойынша оларға жер беріледі, - деп атап өтті ол.

ШҚО-да суармалы жерлердің 200 мың гектары бар. Оның 54 мың гектары бос жатыр. Қалған жерді барлық кәсіпкерлер пайдалануда.

- Жердің құнарлылығын жойып алмас үшін егілетін дақылдарды алмастырып отыру керек. Сонда сізге де, жерге де, елге де жақсы болады. «Егін екпесең жерге ренжіме» сондықтан жер бос жатпау керек, - деп атап өтті ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мейірхан Әшімханов.

Жердің құнарлылығын жер инспекциясы тексереді. Алайда бір кездері жер инспекторларының саны көп болса, бүгінгі таңда тек 11 жер инспекторы бар. Сондай-ақ жердің құнарлылығын анықтауға арналған зертхана Павлодар қаласында және сол зертхананың ШҚО-да тек 2 өкілі бар.

Айта кету керек, Мейірхан Әшімханов тұрғындардың үй салуына арналған 10 сотық жер әлі де тегін берілетінін айтты.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →