Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әркім өз құқығын қорғай білуі керек

Сапасына қанағаттанбаған тауарды қайта қайтарып немесе айырбастап алу үшін енді тек куәгер, фото және бейнежазба болса жеткілікті

Новости Казахстана / Әркім өз құқығын қорғай білуі керек
Фото:
lifehacker.ru
Осылайша тұтынушы базардан сатып алынған затты еш қазыналық немесе тауар түбіртегінсіз дәлелдей алады. Бұл ҚР «Тұтынушылардың құқын қорғау туралы» Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың арқасында мүмкін болып отыр.

- Егер базардан немесе дүкеннен сатып алынған зат сапасы көңіліңізден шықпаса, сатушы тауарды кері алуға немесе айырбастап беруге міндетті, - дейді ҚР ҰЭМ ТҚҚ бойынша Комитеттің Қоғамдық ұйымдар және тұтынушылармен қарым-қатынас басқармасының бас сарапшысы Марьям Адаева. - Ол үшін егер тауар түбіртегі болмаған жағдайда дәлел ретінде затты сатып алу кезінде бірге болған куәгерге немесе фото, бейнежазбаларға сүйене аласыз.

Өйткені базардағы саудагерлер патент негізінде жұмыс жасайды. Ал салық мекемесінің қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, бұндай жүйемен жұмыс жасайтын саудагерлер тұтынушыға қазыналық немес тауар түбіртегін беруге міндеттелмейтін көрінеді.

Назерке Кәрімов
Следующая →