Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Спорт сарайының жөндеу жұмыстары басталды

Борис Александров атындағы Спорт сарайын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары басталып кетті.

Новости Казахстана / Спорт сарайының жөндеу жұмыстары басталды
Фото:
В. Иванов
17 мамыр күні құрылысшылар Спорт сарайы маңындағы аяқжолдармен, фойе баспалдақтарын жөндей бастады.

- Спорт сарайын қайта жөндеу екі кезеңмен жүргізіледі. Біріншісі, фойенің оң және сол жақтарын кеңейту, екіншісі, көрермендердің сыйымдылығын 1 700 орынға дейін қамтамасыз ету үшін солтүстік-шығыс жағын кеңейту. Біздің мақсатымыз – континентті хоккей лигасында ойнау, - деді облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк.

Өскемендік Спорт сарайы 1968 жылы 31 желтоқсанда қолданысқа тапсырылған. Ең алғаш ашылған кезінде көрермендерге арналған 5100 орын болған. 2001 жылы жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарынан кейін пластикалық орындықтар ауыстырылып, VIP-орындардың жасалуы көрермендердің сыйымдылығын 4200-ге дейін азайтты.

- Хоккей ойындарын көруге шамамен 4-5 мың адам келеді. Оларға қолайлы жағдай жасау керек. Кең фойеде адамдардың тынығуына ыңғайлы етіліп жұмсақ жиһаз, ойын автоматтары, сауда орындары орналастырылады. Екінші қабатта мұражай ашамыз. Фойе бес жарым метрге дейін кеңейтіледі, бірақ биіктігі сол қалпы қалады, - деп атап өтті Владимир Михайлович.

- Берілген уақытқа дейін үлгеру үшін күні-түні жұмыс істейтін боламыз, - деді «Имсталькон» құрылыс мекемесінің бас мердігері Михаил Анашкин.

Қазіргі уақытта Спорт сарайының құрылыс жұмыстарымен 12 қосалқы мердігер компания айналысуда. Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі 1 қыркүйекке дейін аяқталып қоюы керек. Екінші кезеңнің жұмыстары келесі жылы жүргізілетін болады.

Жөндеу жұмыстарының басты мақсаты өскемендік Спорт сарайын континентті хоккей лигасының талаптарына сай етіп жасау.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →