Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектеп пәндері біріктіріліп, әмбебеп мұғалімдер пайда болмақ

Еліміздің білім беру бағдарламасына күн сайын түрлі өзгерістер енгізіліп, елдің қызу талқысына түсіп отыр

Новости Казахстана / Мектеп пәндері біріктіріліп, әмбебеп мұғалімдер пайда болмақ
Фото:
stan.kz
Жақында мемлекет басшысы бескүндік білімге көшу үшін оқуды ұзартпай, пәндерді қысқарту керектігін айтып, Білім және ғылым министріне тапсырма берген еді.

Мектеп оқушыларының тым көп пән оқитынын алға тартып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, тарих пен география сынды пәндерді біріктіру керек деген Елбасының сөзін Ерлан Сағадиев те қолдап отыр. Білім және ғылым министрі жоғарғы сыныптардағы пәндердің 30 пайызға қысқаратындығын да айтқан еді. Шамамен 18-19-дан 14 пәнге дейін қысқаратын жаңа бағдарлама бірден емес, төрт жыл көлемінде жүзеге асырылатын болады.

- Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша апталық жүктемесі 6, 8-сыныптарда 1 сағатқа, 9-сыныптарда екі сағатқа, 10-11 сыныптарда апталық жүктеме 2 сағатқа қысқарады, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының м.а. Айжан Садықова.

Аталған стандарт 5-7-сыныптарда 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілсе, 6-8-сыныптарда 2018 жылдан, 9-11-сыныптарда 2019 жылдан бастап енгізілмек.

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті пәндері біріктіріліп, «Тіл және әдебиет» деп аталса, алгебра, геометрия және математика пәндері бірктіріліп, «Математика және информатика» пәні болмақ. Сонымен қатар, дүниетану және жаратылыстану пәндері «Жаратылыстану» болса, бейнелеу өнері мен еңбекке оқыту пәндері «Еңбек және өнер» деп аталатын болады.

- ҚР Президентінің ағымдағы жылдың 1 наурызындағы Жарлығындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облысымызда бірнеше іс-шаралар бектілді, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының м.а. Айжан Садықова. - Қазіргі таңда аталған жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың жас ерекшеліктері түгел ескерілген.

Одан өзге Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындары мен мектеп директорларына тағы өз ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша мұғалімдер бірнеше пәннен қатар сабақ беруі керек. Соған сай жоғары оқу орындары да бірнеше пәнді меңгерген әмбебап оқытушылар даярлауы тиіс болады. Министр кезекті реформасын 1-сыныптардан басталғалы отыр екен. Тіпті, жаңа жүйе бойынша оқулық та дайындап қойған.

Негізі бұған барлығы наразы болып жатыр ғой, - дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Хабира Ахметова. - Министрлік, тіпті ары бармай-ақ, қалалық білім бөлімдерінің өзі мектептердің базалық деңгейімен толық таныс емес. Егер пәндерді біріктірсе, оқытушыларға да, оқушыларға да үлкен физикалық, психологиялық салмақ түспек. Үштілділік деп пән оқытушыларына ағылшын тілін оқуды жүктеп жатыр. Енді пәндерді біріктіру деген өзгеріс шықты. Сонда мұғалімдер қай жағына үлгереді?

Шынымен де, жаңа министрмен келген оқу саласындағы жаңашылдықтар толастар емес. Жаңа оқу жылынан бастап енгізілетін жаңа бағдарламаның нендей нәтиже беретіндігін тек күту керек.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →