Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Автомектептен оқымай-ақ, жүргізуші куәлігін ал!

Сәуір айынан бастап қазақстандықтар көлік жүргізуші куәлігін автомектептерде білім алмай-ақ ала алады

Новости Казахстана / Автомектептен оқымай-ақ, жүргізуші куәлігін ал!
Фото:
korrekt29.ru
Сейсенбі күні Астана қаласында журналистермен өткен баспасөз брифингінде Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғұнбаев автомектептер оқуына жүгінбей-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатынын мәлімдеді.

– Қазіргі дамыған заманда жол жүру ережелерін интернет арқылы оқып, үйренуге болады. Ғаламтор желісінде барлық тесттер де бар. Егер сіздің көлік жүргізу тәжірибеңіз бар болса, жол жүру ережесіне тест тапсырып, тәжірибелік емтиханға жіберілесіз. Осылай «А» және «В» санаттарындағы жүргізуші куәлігін автомектептерден оқымай-ақ ала аласыз», - деді вице-министр.

Қаламыздағы автомектеп басшылықтары мұндай жаңашылдыққа кереғар пікір қалыптастырып отыр.

– Теориялық білімді оқытудың өзінде, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Құр тестті жаттап алғаннан пайда болмайды. Тәжірибе жүзінде де, көлікті жүргізіп үйрену үшін көлік арнайы құрылғылармен жабдықталып, оқу көлігі екенін көрсететін белгілері болуы керек, - деді қаламыздағы автомектеп басшыларының бірі.

Тұрғындар болса автомектепке жұмсалатын қаражат қалталарында қалатынына қуанышты көрінеді.

– Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерге 60 мың теңге төлеп оқимыз. Бұл қаражат үнемдеу үшін тиімді әрі ыңғайлы, - деп атап өтті қала тұрғыны Нұрлан Оразғалиев.

Алайда, жергілікті уәкілетті органдар бұл жаңашылдық Шығыс Қазақстан облысына қатысты емес екендігін айтуда.

– Адам өз еркімен жол ережесін оқығаннан кейін, куәлікті алу үшін «Арнайы ХҚКО» барып, тест тапсырады. Сол тесттерден өткеннен кейін ғана жүргізуші куәлігі табысталады. Ал біздің өңірімізде мұндай «Арнайы ХҚКО» жоқ, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Сондықтан шығысқазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін дәстүрлі әдісті пайдалана бермек.


Ерке Биғазина
Следующая →