Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Академияның жас футболшылары қыстыгүні далада жаттығуға мәжбүр

ШҚО-дағы испандық "Реал Мадрид" клубының тәжірибесі негізінде жаттықтыратын "Алтай" футбол академиясына қабылданған балалар аязды күні тоңып жүр. Себебі жасөспірімдердің жаттығуына аймақта жағдай болмаған соң, олар "кәрі құда - қыс келіп, әлек салғанда" ашық алаңда да жаттығуға мәжбүр.

Газет редакциясына келген ата-аналардың бірі Сырым (аты-жөнін жасыруды өтінді) анонимді шағым түсірді.

- Баларымызға алаң жетпегендіктен, қыста олар "Восток" стадионына барып жаттығады. Денелерін шынықтырудың орнына бірінен кейін бірі ауырады. Баламызды академияға не үшін бердік? Академияға "Белгілі жетістікке жетсін, республикалық, халықаралық турнирлерге шықсын, осы спорт түрін елімізде дамытып, ары қарай осы жолды қусын" деп бердік, шынын айтқанда! - деді ол

Манеж жоқ – футболда да даму жоқ

Шынымен-ақ, Шығыста күн райы қысы-жазы суық. Осы жағдайда аймақта, жалпы елімізде футбол қалай дамиды? Жастарға жаттығу жасайтын жабық манеждер керек-ақ. Осы мәселе ата-аналардың уайымына айналғалы біраз болса да, жыл сайын жабық манеж тұрғызуға уәде берсе де, мәселе қаз қалпында. Бір кездері ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың "облыс орталықтарында футбол манеждерін салуды жоспарлап отырмын" деуі де бос әңгіме сияқты. Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда үсті жабық футбол манежі бірлі-екілі қалада ғана салыныпты. Оның өзі - "Қазақмыс" пен "Астана арен". Осы ретте "жыл сайын қаржыны легионерлерге бергенше, футбол клубтары өздеріне неге футбол манеждерін салмайды?" деген заңды сұрақ туындайды. Ал бұл мәселеге спорт басқармасы не дейді? Еліміздегі төрт академияның бірі саналатын, жеткіншектерді аяқдоптың әліппесінен бастап кәсіби деңгейге дейін баулып шығаратын оқу орны - "Алтай" футбол академиясына қаншалықты арнайы алаңдар немесе жабық менеджер қарастырылылып, жас спортшыларға жағдай жасалған екен?

- Бүгінде "Алтай" футбол академиясына 518 бала қабылданған, аудан және облыс қалаларынын оқушылары спортта дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернатында тегін негізде тұрып, оқып, 3 уақыт тамақтанады. Жыл көлемінде балалар спорттық мүккәммалмен, спорт киімдерімен қамтамасыз етіледі. Жазғы уакқытта Өскемен қаласында "Восток" стадионнының 2 алаңында, қыс уақытында "Құрылысшылар мәдениет үйі", "ВостокМашзавод" спорт залдарында жаттығады, - дейді ШҚО Спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Құстыбаев.

Дегенмен 600-ге жуық баланың жаттығуына бұл спорт залдары жеткіліксіз әрі қыстың күні жаттығатын бұл спорт залдары кіші футболға (4 адамнан ойнайды) арналған. Ал кіші футбол мен үлкен футбол - екеуі екі түрлі спорт. Шығыста қыс 4-5 айға созылатынын айтпағанда, 3 ай қыста жасыл алаң көрмеген жастар көктем шыққанда жасыл алаңға ұзақ уақыт бойы үйренісе алмай жүреді. Шығыс Қазақстандағы талантты жастардың үлкен футболға аяқ баса алмай жатқандығының бір себебі де осы шығар.

- 2017 жылы жабық манежді салуға бюджеттен қаржы қарастырамыз деп айтқан. Үшінші жылға кетті, әлі күнге дейін салынған жоқ. Біздің қолымыздан келер басқа амал жоқ. Осы залдарда жаттығуға мәжбүрміз. Дегенмен академия бойынша барлық дайықтық бағдарламалар, әдістемелер, сабақтар жүйелі түрде өтеді. Біздегі қаражат жасөспірімдерді қамтамасыз етуге, халықаралық лицензиясы бар жаттықтырушыларды тартуға, жаттуға залдарын жалдауға, жалпы дамытуға кетеді. Манеж салуға биліктің қолдауы керек. Мұндай жағдайда шет елге шығуды армандамай-ақ қойған жөн болатын сияқты. Себебі біздегі инфрақұрылым сын көтермейді, - дейді "Алтай" ШҚ футбол академиясының директоры Жандос Қайырұлы.

Нәтиже неге жоқ?

Былтыр жергілікті бюджеттен спортқа, оның ішінде күрес түрлеріне (дзюдо, грек-рим күресі, еркін күресі, самбо күресі, қазақ күресі) - 123 млн 282 мың теңге, боксқа - 45 млн 261 мың теңге, ауыр атлетикаға - 30 млн 509 теңге бөлініпті. Кейбір деректеге сүйенсек, жыл сайын мемлекет қаржысынан еліміздегі футбол командаларына бөлінетін қаржы, тіпті, сұмдық. 2004 жылдан бастап есептегенде бұл қаражаттың мөлшері 1 миллиард еуроға жетіпті, тек былтырғы жылдың өзінде футболды дамытуға 200 миллион доллар жұмсалыпты. Ал ШҚО-дағы футбол клубтарын дамытуға тек 2018 жылы 672 млн 681 мың теңге қаржы бөлінгенмен, қандай жұмыстар атқарылды?

- Балалар және жасөспірімдер арасында футболды дамытуға байланысты спорттық іс-шаралар өткізіледі, облыс орталығында қала және аудандарда қалалық, облыстық, республикалық турнирлер өтеді, жыл сайын балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларының 9 жас ерекшелігі бойынша топтар арасында облыс біріншілігі, жалпы білім беру ұйымдарының арасында "Coca – Cola" сылығына облыс біріншілігі өтеді, - дейді ШҚО Спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Құстыбаев.

672 млн 681 мың теңге. Бұл дегеніміз - ең зор жетістігіміз Еуропа чемпионатының іріктеу тобында соңғы қатарда тұрған футболға жергілікті спорт басқармасы боксқа қарағанда 15 есе көп мемлекеттік қаржыны жұмсап келеді деген сөз. Бұл қаржыға "Астана-Арена" сияқты 1 стадион немесе 2-3 толық көлемдегі жабық футбол манежі, астында жылуы бар 50 толық көлемді футбол алаңын салуға, футбол бапкерлерін әзірлеу, жұмысқа орналастыру және оларға ақы төлеуді, еліміздегі 4 академияның бірі саналатын "Алтай" футбол академиясын ине-жіптен өткізгендей тұтас жасақтап, жарақтандыру, 600 баланың сапалы деңгейде тұрақты негізде футболмен айналысуына мүмкіндік алғандай-ақ екенбіз. Еліміздің кейбір өңірлерінде футболға бокс пен ауыр атлетикамен салыстырғанда 10 емес, 100 есе артық ақша бөлінген. Қазанның түбін қырнап отырған қазіргі жағдайдың өзінде биыл мемлекет бюджетінің 10 пайызын футболды, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бөлдіртуге күш салмақ. Ал бұдан шыққан нәтиже қандай болмақ?

- Қысты күні үлкен футбол ойнайтын манеж болса, ең алдымен, балалар үшін жақсы болар еді. Жылда уәде еткенмен, әлі күнге дейін "бюджеттен қаржы қарастарылмаған" деген сылтаулар айтады. Балалар жаз бойы үлкен футбол ойнап, республикалық, халықаралық жарыстарға барып үйреніседі де, қыста кіші футбол ойнайды. Қыс бойы бар білгендерін ұмытып қалады. Жер қарая бастағанда барлығын қайтадан бастауға тура келеді. Содан да нәтиже жоқ!" - дейді редакцияға шағымын ала келген Сырым (есімі өзгертілген) есімді әке.

Академияға әр өңірден келіп оқиды

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы қыркүйек айында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің шешімі бойынша және испаниялық "Soxna" компаниясы арасындағы келісім аясында Қазақстан құрама командалары мен шеберлер командалары үшін еуропалық деңгейдегі сапалы футболшылар резервін дайындау мақсатында Өскемен қаласында "Алтай" футбол академиясы құрылды. Жасөспірім спортшыларының сапалы дайындығы үшін жергілікті жаттықтырушылар мен академияға қабылданушылар Еуропалық футбол қауымдастығының жоғарғы халықаралық стандарты бойынша оқытылады. Жас ерекшеліктері бойынша (2000, 2001, 2002, 2003 ж.т) 700-ге жуық баланың ішінен болашағынан үміт күттірген 100 бала әр өңірден іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен балаларға спортта дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мектеп-интернаттан орын берілді және сол кезде келісімге қол қою рәсімі барысында облыс әкімі Даниал Ахметовтің "Бұл жобаның біздің өңір үшін маңызы зор. Жаттығу үрдісі үшін барлық жағдай жасалады" деген сөзін де ата-аналар әлі күнге дейін ұмытпаған.Осылайша аймақтағы футбол академиясының тағдыры Даниал Ахметовке қарап тұр.

P.S. Қазақстан футболын дамытуға бөлінетін қаржы шаш-етектен, бірақ осы уақытқа дейін қазақ футболы бір көгермей-ақ қойды. Жабылып қуған ала доп жарысында босқа далақтап жүргендейміз. Сондықтан да "құрдымға кеткен қайран мемлекет қаржысы-ай" деп налығаннан басқаға шамамыз келмей қалады. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың сөз жүзінде емес, шын мәнінде, қоғамға қызмет етіп, біздің азаматтар өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс. Ал жаттықтырушылар футбол клубтарының тағдыры әкімдіктерге тәуелді болғанына алаңдайды. Олардың пікірінше, облыстық әкімдіктің меншігі болып есептелетін футбол клубтарында маркетинг пен менеджмент әлсіз. 

Следующая →