Усть-Каменогорск
пасмурно
-20°
  • Усть-Каменогорск
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Нур-Султан (Астана)
    -20°
  • Актобе
    -13°
  • Форт-Шевченко
    -2°
  • Атырау
    -8°
  • Караганда
    -22°
  • Кокшетау
    -18°
  • Костанай
    -14°
  • Кызылорда
    -9°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -13°
  • Уральск
    -11°
  • Шымкент
    -13°
$
510.08
-4.57
539.61
-4.99
¥
70.21
-0.63
5.15
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

1,5 миллиард желге ұшты

Облыстық прокуратура мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыспен қамту саласында 12 мың өрескел құқықбұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама бойынша 1,5 миллиард теңге ауаға кеткен

Жыл басынан бері 157 шығысқазақстандық шағын несие-ге қол жеткізген. Жеңілдетілген шарттағы несиелер қосалқы шаруашылықты дамытуға және шағын бизнеске көмектесуге тиіс еді. Игілікті әрі келешегінен үмітті істер үшін бюджеттен 494 млн теңге бөлінді.

- 37 қарыз алушы мал сатып алуға 82 миллион теңге несие алды да, бір айдан кейін бизнесін тоқтатты, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мәселен, ШҚО тұрғыны жеке меншік шаруашылығын жүргізу мақсатында 1,5 млн теңге алған. Алайда ол бір айдан кейін кәсібін жапқан. Бұл бір ғана мысал.

- Аягөз құрылыс материалдары комбинатының мәселесі 2015 жылдан бері көтеріліп келеді. Сол уақытта аудан әкімі де бұл комбинатты салуға атсалысып, бюджеттен 392 млн теңге бөлінді. Панельдерді орнату және тағы да басқа құрылыс монтажына қатысты жұмыстар толықтай жасалынған. Ал ендігі мәселе - сол кездегі "АКСМ" ЖШС директоры Қуат Абжановтың комбинатты Баймаханов деген кәсіпкерге сатып жіберуінде, - деп мәлімдеді ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Мүсәпірбеков.

"Сонда бюджеттен алған қаражат қайда кетті? Бюджет қорына қаражатты кім және қалай қайтармақ?" деген заңды сұрақ туындайды.

- Азамат мемлекеттің қаржысына инфрақұрылымды иелік етіп, кейін сол нысанды сатылымға қойды. Нәтижесінде Аягөз ауданы әкімінің жол беруімен Қуат Абжанов есімді азамат барлығымызды алдап кетті. Негізінде кәсіпкердің ол жерде "жұмыс істейін" деген ниеті де болмаған. Онымен қоса, басқармалар кәсіпорынның қаржылық тәуекелділігін талдамастан көз жұма қол қойған. Мәселенің шешімін табуды және шара қолдануды тапсырамын, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Ал кейбір несие алушылар кәсіптерін тоқтатпады. Алайда бұл қаражат діттеген жеріне жетті деген сөз емес. Мысалы, ШҚО тұрғыны 15 ірі-қара мал сатып алу үшін мемлекеттен 3 млн теңге сома алған. Ал ол қаражатқа "кәсіпкер" өзіне жаңа үй сатып алғаны анықталды. Сондай-ақ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ филиалымен салық органдарына өз қызметін тіркемеген 24 азаматқа 51 млн теңгеден артық көмек берілген.

- Прокурорлық тексеріс қарыз алушылар тарапынан 20-дан астам несиелерді заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Олардың барлығына қаражаттарды мерзімінен бұрын өтеу туралы талаптар жіберілді, - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Мұндай ауқымды тексеруден кейін прокуратура облыстың атқарушы билігіне құқықбұзушылықты жою және миллиардтаған бюджеттік қаржыны үнемдеу үшін ұсыныс берді. Ендігі нәтиже құзырлы органдарда.

Следующая →