Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Еңбегінің жемісі - өнегелі өмірі

Еңбек адамды жетістіктерге, оң нәтижеге жетелейді. Ал ақылмен істелген жұмыс әрқашан  жемісін береді

Мұхамедолла (Мұқан) Сағидоллаұлы Ағзамов өзінің бар саналы ғұмырын ауылда өткізсе де, әлемге елді танытуға болатынын айқын дәлелдеді. Ол дүниежүзілік қол күрес федерациясының (WAF) вице-президенті, Азия қол күресі федерациясының президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дүниежүзіндегі қол күресі мен гір спортының дамуына өз үлесін қосқан біртуар азамат, ауылшаруашылығының дамуына орасан зор үлес қосқан шаруа және ауылшаруашылығы саласын зерттеп, зерделеген профессор.


Қазақстанды әлемге танытты


Еліміздің абыройын әлем алдында көтеріп жүрген азаматтарымыз бірі де бірегейі Мұхамедолла Ағзамов. Ол елімізде алғаш болып қол күресі және гір спорты федерациясын құрды және оны 12 жыл бойы басқарды. Қатарынан 10 жыл әлемдік федерация бірінші вице президенті болса, 10 жыл Азия федерациясына басшылық етті.

- 1966 жылы 10 сынып оқып жүрген кезімде спортпен айналыса бастадым. Ең алғаш бокспен, еркін күреспен айналыса бастап, кейін гір көтеру мен армлестлингке келемін, - дейді Мұхамедолла Сағидоллаұлы.

Осылайша, спортқа аяқ басқан Мұхамедолла Ағзамов 1990 жылы Кеңес Одағы тұсында армлестлинг бойынша Днепропетровстке өткен чемпионатты ұйымдастырушылардың бірі болады. Ал 1992 жылы Қазақстанның армлестлинг бойынша чемпионатынын 3-4 қазан күндері Өскемен қаласындағы Құрылысшылар мәдениет сарайында ұйымдастырады. Сол жылдың желтоқсан айында Әділет министрлігі арқылы қол күресі және гір спорты федерациясының ресми түрде негізін қалайды.

- Қиындық өте көп болды. Тәуелсіздікті енді алған жылдары экономикамыз өзгеріп жатты, тұрақсыздық болды. Сол кезде менің өз жеке шаруа қожалығым болады да, одан түскен қаражатқа мен жас спортшыларды шетелдегі жарыстарға апарып жүрдім, - деп еске алды Мұхамедолла Ағзамов.

2002 жылы Мұхамедолла Ағзамов Индия елінің Калькутто қаласында Азия және Тынық мұхиты федерациясын құрады. Бұл федерацияға алғашында үш мемлекет Индия, Өзбекстан, Қазақстаннан ғана мүше болғанымен, бүгінгі таңда олардың саны 21 мемлекетке жетіп отыр.

- Азия федерациясының құрылғанына 16 жыл болды. Оның 10 жылын өзім басқардым. Осы 16 жыда өткен 16 чемпионатындағы т оптық жарыс бойынша Қазақстан 14 рет, Индия мен Иран бір-бір реттен жеңімпаз атанады, - деп атап өтті ол.

Спорт саласын дамытуға зор үлес қосқан Мұқан Ағзамовтың жетістері өте көп. Солардың қатарында гір көтеруден және армлестлингтен халықаралық төрешісі, Индия, Монғалия, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, Қол күрестен Халықаралық дәрежеді спорт шебері, Гір көтеруден спорт шебері және тағы басқа марапаттары бар.

Қазіргі уақытта Мұқан Ағзамов лайықты зейнеткерлікте болса да, спорттан қол ұшын үзген жоқ. Ол 2016 жылы Өскемен қаласында ардагерлер спартакиадасында армлестлинг бойынша чемпионаттың жеңімпазы, биыл ардагерлер арасында ауыр салмақта гір көтеруден Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы атанды. Енді 1 қыркүйекте Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Айта кету керек, биыл Мұхамедолла Ағзамов әлемдік армрестлинг федерациясы (WAF) халықаралық ұйымының ең жоғарғы медалі «Золотой орден WAF» марапатын иеленді.


Еңбек еткен ерінбей...


Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген Мұқан Ағзамов жастайынан еңбектеніп келеді. Әкесі көлік жүргізушісі, анасы сауыншы болады. Кейін 12 баланы дүниеге әкелген анасы тек үй шаруасымен ғана айналысады.

- Әкем жетім өседі. Соғысқа қатысып, 2 жыл 8 ай Германиядағы лагерьде тұтқында болды. Туыс-туғаны жоқ болғандықтан, ол бізді өзі аяққа тұрғызуды көздеп, жұмысынан бөлек балықшылықпен, аңшылықпен айналысады, - деп еске алады Мұхамедолла Сағидоллаұлы.

Әкесінен еңбектенуді үйренген Мұхамедолла Ағзамов 5-6 жасынан сол кездегі Колхозда жұмыс істей бастайды.

- 9 жаста шөп шабатын техникаға отырдым, 12 жаста тырмамен жұмыс істедім, 14 жасымда тракторға отырып кеттім. Ол кезде тек 18 жасқа толғандар ғана тракторист бола алатын, бірақ басшылық маған сеніп, тракторға отырғызды, - дейді ол.

1967 жылы 15 жасынқа келген кезінде мектепті «Алтын медальға» аяқтады. Алайда жоғары оқу орнына түсу үшін 16 жас қажет болғандықтан, ол трактордағы қызметін жалғастырып, кейін Алматы қаласындағы селхоз институтына оқуға түседі. 5 жыл бойы оқып, ауылшаруашылығы саласының маманы атады.

Бүгінгі таңда Мұхамедолла Ағзамов егіншілікпен айналысатын «Колос» шаруа қожалығын басқарады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ол ШҚО ауылшаруашылық ғылыми институтының бас директоры лауазымында қызмет етеді.


Ауылшаруашылығын дамытқан профессор


Жоғары оқу орнында оқып жүріп ғылымға қызығушылық танытқан Мұхамедолла Ағзамов ауылшаруашылығы саласының техникалық ғылым кандидаты, Алматы ауылшаруашылық институтының профессоры. Ауылшаруашылығы саласындағы жасаған зерттеулерінің нәтижесінде 20 шақты потенті бар зерттеуші.

- Ауылда шаруамен айналысқаннан кейін жұмысты дұрыс үйлестіру керек. Сондықтан мен Ауылшаруашылық техникаларын тиімді пайдалануды зерттей бастадым. Кейін өз баяндамаларыммен Алматы, Челябинск, Мәскеуде сөз сөйлеп, ғылыми жұмыс жазу ұсыныстарын алдым, - дейді профессор.

Осылайша, ғылым жолын қуған Мұхамедолла Сағидоллаұлы отбасымен Алматы қаласына көшіп, ауылшаруашылығындағы жұмысын 4 жылға тоқтатады да, Алматы қаласындағы ғылыми институтта жұмыс істеп, зерттеу жүргізеді.

2014 жылы Өскемен қаласында шағын «Экспо-2014» көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге Қазақстанның, алыс-жақын шетелдік зерттеушілердің жобалары ұсынылады. Солардың ішінде Мұхамедолла Ағзамовтың «Құрғақшылық жерде астық алу технологиясы» атты жобасы 1 орынды иеленеді. 2015 жылы Крымда «Хайтек-2015» халықаралық көрмеге де жоба ұсынып, алтын медаль мен марапат алады.


Уақытты бағалау керек...


Өз өмір жолында осыншама жетістікке жеткен Мұхамедолла Сағидоллаұлы уақытты тиімді пайдалану керектігін алға тартады.

- Жұмыс істеймін деген адам өз уақытын жоспарлау керек. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіде қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылын екі жақтап» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, не істесең де ақылмен, ойланып істеу керек және еңбектену керек, - дейді Мұхамедолла Ағзамов.

Әр адамның өмірінде «әттеген-ай» дейтін сәттер болады. Жығылған кезде қайта тұру, адамды алға жетелейді.

- Қиындықсыз, «әттеген-ай» дейтін сәттерсіз өмір өмір емес. Адам жеңіледі, жығылады. Ондай кезде жиналып, сабақ алып қайта тік тұрып, әрмен қарай өмір сүру керек, - дейді Мұхамедолла Сағидоллаұлы.

Ұлан ауданы, Айыртау ауылында тұрса да, әлемдік деңгейдегі жұмыстарды атқарып отырған Мұқан Ағзамов өзінің мұндай ісіне жаңа технологиялардың көмектекенін де жасырмайды. Ұялы байланыс, ғаламтор, электронды пошталардың пайда болуы оның мүмкіндіктерін кеңейтті және мұндай мүмкіндіктер кез келген азаматта бар.

Көкпекті, Ұлан ауданының құрметті азаматы Мұқан Ағзамов уақытты тиімді пайдаланып, еңбек еткен адамның алдында талай есіктер, мүмкіндіктер ашылатынына сенімді. 

Следующая →