Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Адам қайғысы - заман қайғысы

Ахмет Байтұрсынов «Сөздің ең ұлысы – тарих» дейді. Құдайдан кейін сыры ең көп құбылыс осы - тарих болар. Ұмытсаң, жұмбағы ауырлай түседі, ал сақтасаң, қызықтыра береді

Үлкен тарих кішігірім тарихтардан тұрады. Сондықтан әр адам өзінің туған жерін, туған елін, тегі мен тамырын жатқа білуі керек. Тіпті, тоғыз жасында елінен айрылған, жерінен алыстаған Бейбарыс Сұлтан да жеті атасын ұмытпай, жетесіз қалмаған. Сондықтан бұл қазақ халқының алтын қағидасы.

Бүгінгі кейіпкеріміз де ұлтының ұл-қызының қамқоршысы, тегі мен елінің тарихшысы - Сәкен Ғайса.


Текті ұрпақтың тірегі

Сәкен Ғайса ағамыздың әкесі Жүнісбек Ғайсин Ұлан ауданындағы Бестерек, Асубұлақ, Алмасай және Тарғын ауылдарында мектеп директорлығын атқарған. Ал атасы Ғайса Аязбаев Өскемен қаласының жанындағы Ахмер ауылында қыздарға арнап мектеп ашқан. Қазір бұл ауылдың орталық көшесі Ғайса Аязбаевтың есімімен аталады. Міне, білім мен ғылым қуған ғұламалардың үшінші ғұлама жолын қуу Сәкен Жүнісбекұлының еншісінде.

- Тарихқа деген қызығушылығым ертеден оянды. 1989 жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық институтында тарих факультетін бітіргеннен кейін мектепте, кәсіптік техникалық училищеде, облыстық әкімдікте қызметтер атқарған едім. Аудармашылықтан бастап, баспасөз қызметінде, жастар бөлімінде меңгеруші, Мәдениет басқармасында табиғи мұраларды қорғау инспекциясы бастығы міндеттерін атқардым. 1998 жылдан бастап Тұрмысы төмен адамдарды қолдау қорында менеджерлік қызметтен директорлыққа дейін өстім. Қазір бұл қордың аты «Шығыс шапағаты» қоғамдық қоры болып өзгертілді, - дейді Сәкен Ғайса.

Аталған қордың бағыты – аз қамтылған адамдарға көмектеседі. Әртүрлі кәсіпорындар, кәсіпкерлермен жұмыс істеп, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау беріледі.

- Біз аудандық, қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері арқылы тұрмысы төмен адамдарды іздестіріп, қол ұшымызды созамыз. Бюджеттен тікелей үздіксіз қаржы алып отырған жоқпыз, - дейді Сәкен Ғайса. - Өз күшімізбен қайырымдылық марафондарын ұйымдастырып, қаражат жинаймыз. Әрине, көмекке зәру адамдар көп. «Көрпеңе қарай көсіл» дегендей барлығын қамти алмаймыз, мұндайда кәсіпкерлер мен жүрегі жылы адамдардан жылу іздестіріледі.

Қоғамдық қор «Наурыз» мерекесі кезінде облыс орталығының бас алаңында зейнеткерлерді ыстық тағамдармен күтіп алады. Бұл шара 3-4 жылдан бері жалғасып келеді. 9 мамыр күні тыл және соғыс ардагерлеріне аудандарға сый-сияпаттарымызды жіберіп, 1 қыркүйекте «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасындағы балалардың мектепке қажетті дүниелері сатып алынады. Ал 1 қазан - Қарттар күнінде жалғыз басты қарттар мен мүгедек жандарға қол ұшын созады.

- Қара теңіз жағалауында орналасқан Анапа қаласындағы ресейлік санаторияларға Мәскеудегі жерлесіміз Зинаида Драгункина арқылы аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін жіберіп тұратынбыз. Соңғы 1-2 жылда қаражат тапшылығына байланысты бұл шара тоқтап тұр, - дейді Сәкен Жүнісбекұлы.

Қордың аясы кейде республикалық деңгейге дейін кеңейеді. Мәселен, Қарағанды, Зыряндағы үлкен табиғи апат кезінде қор мүшелері төсек орындар сатып алып жіберген еді. Үйлері өртеніп кеткен, панасыз қалғандар туралы кәсіпкерлерді құлағдар етіп, мұқтаж адамдардың көмек алуына мұрындық болады.

- Кейбір кәсіпкерлер өздері хабарласып, жәрдем қажет болып отырған отбасыларды тауып беруді сұрайды. Біз қолдаушы мен зәру отбасыларды байланыстырып отырамыз. Кейде артылып қалған, көп киілмеген киімдер мен тұрмыстық техникаларды тапшы жандарға үлестіріп береміз, - дейді Сәкен Ғайса.

«Қайыр сұраған жан көшеде де бар» дей салуға болады. Бірақ ол садақаның қандай мақсатта жұмсалатынын білмей, күдікпен кететін сәттер әркімде болған шығар. Бұл күдіктің көзін қор директоры төмендегідей түсіндіреді.

- Көшеде келе жатып қайыр тілеген адамға көмектесу бар. Бірақ ол тура көмек алу бағытына кетеді дегенге күмәндімін, - дейді Сәкен Ғайса әңгімесін жалғастыра. - Ол ішімдік үшін, өзге де белгісіз бағытқа кетуі мүмкін. Ал бізде қаражат әлеуметтік тұрақтандыру бөлімдерінен белгілі бір адамдар, отбасылар турасында дерек алып, құжаттарын, тұрмысын тексеріп барып, дәлелді жолмен ғана сұранысын табады.


Өз тарихыңды білу керек

Ұзақ жылдардан бері жазып келе жатқан мақалалар мен шығармалар жиналып қалғандықтан, өз ауылым туралы кітап жазуға бел будым. Әр ауылдың өзінен түрлі танымал адамдар шыққан. Сәкен Жүнісбекұлының «Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр» кітабында археолог Зейнолла Самашев, ең алғаш ұшқыштардың кеме кораблі атанған әйел Тоты Әмірова, Қасым Қайсенов оқыған мектептер турасындағы белгісіз деректер жиналып, бір ауылдың 70 және 100 жылдық тарихы жинақталып 300 дана болып шықты.

- Әркім өзінің ауылы, ауылдастары туралы үлкен еңбектер жазатын болса, тек Ұлан ауданының емес, Шығыс Қазақстан облысының тарихы түгенделіп қалар еді. Бұл тарих жаңа өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін ауадай қажет. Балаларды белгісіз, өзің көрмеген өзге ұлттың батырлары жайлы ақпараттармен тәрбиелегенше, өзі өскен ортадан шыққан ата-бабаларының ерлігін дәріптеп оқытса, олар нағыз отаншыл болып өседі, - дейді Сәкен Ғайса.

Қазіргі таңда естелік кітаптардың кең тарағаны баршаға мәлім. Аудан-ауданда, ауыл-ауылдан шыққан азаматтар өз әулетінің негізгі тірегі болған ата-әжелерін танытады. Сәкен Ғайса ағамыз, бұл бастаманың орынды, әрі дұрыс екенін айтады. Сәкен Ғайса да өз ауылының тарихын, туған жерінің тау-тасына дейін тегіс өз кітабына сыйдыра білген.

- Отанын, тілін сүймеген адам өз ортасындағы қоғамға ешқандай пайда әкеле алмайды, - дейді Сәкен Ғайса. - Бұл тұрғыда ең үлкен құрал - өз елі мен жерінің тарихын зерттеп жазған кітабы. Қазір өз әулетінің қарақты адамына арнап естелік жазып жатқандар қаншама. Бұл ретте өз кітабыма бүкіл ауылдың тұлғаларын ұмыт қалдырмай, Ұлы Отан соғысынан бастап, тыл ардагерлері, үлгілі ұстаздар мен Ауған соғысының ардагерлеріне дейін тең жазып шықтым. Осы бастамама қолдау көрсеткен азаматтар табылып, тарихымызды түгендей алдық.

Қазір ауылдан қалаға қоныс аударушылар көп. Топтыққа үйлесу табиғаттың заңына айналған шығар. Бірақ, осылай көше беруден кейбір ауылдар жер бедерінен құрып кетіп жатады. Тіпті, кейбір ауылдарды картадан тапсаң да, шынайы келбеті жетімдік көреді.

- Расымен, кең даланы кезе жүріп кей ауылдардың не себепті олай аталғанын аңғара алмай жатасың. Жердің атын, елдің атын ұмытпас үшін, ата-бабалардың сақталған зираты, су ішкен, кіндік қаны тамған жерін осындай кітаптар арқылы сақтап қалуға болады. Оларды бір ұрпақтан келесі ұрпақтың жадында сақтай алу керек, - дейді Сәкен Жүнісбекұлы.

Следующая →