Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Алдаспан» газетінің ұжымы қарияларды құттықтады

Биылғы Қарттар күнін «Алдаспан» облыстық газетінің ұжымы ерекше атап өтті. Осыдан бір апта бұрын ұжым мүшелері Қарттар үйіне барып, қариялардың хал-жағдайын біліп, сұхбат алып қайтқан болатын. Ал 2 қазан күні мерекелік концерт ұйымдастыруға барды. Ұжымның ұл-қыздары қариялармен бірге билеп, бірге ән шырқады

Бұл Қарттар үйін қазіргі уақытта 115 қария паналап отыр. Ұрпақтың өсіп-өніп, қатардан қалмай жетілуіне бар ғұмырын арнап, жігер күшін сарп ететін, әулеттің игілігі үшін өмір сүретін қариялардың қамсыз қалатындығына таң қаласың. Қария - бала мейірімі мен немере күлкісінен қуат алатын жайсаң жандар. Қоғамнан шет қалған жандар үшін үкімет қолдан келгенін жасап отыр: төрт мезгіл тамақ, жатар орын, медициналық көмек, жайлы демалыс... Дегенмен, қарт көңіл бәрібір күпті, өйткені қоғамның назары мен ұрпақтың жылулығы жетіспейді.

Мұны газет ұжымы да сезінеді. Сондықтан қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жас өнерпаздарды жинап, сыйлықтар алып қарттар үйіне аттанды.

- 1 қазан - Халықаралық қарттар күні. БҰҰ-ның өзі бекіткен бұл мерекені атап өту елімізде кең дәстүрге айналған. Газетіміз қарттарды қолдауға көп көңіл бөледі. Сіздердің тағлымды жолдарыңыз - келешек жастарға үлкен үлгі. Көпті көрген қарияларымыздан сұхбат алып, өнегелеріңізді ұрпаққа сіңіруге бар күшімізді салудамыз. Бүгін, міне, осынау мерекені Сіздермен бірге қарсы алып, қуаныштарыңызға ортақ болуға келіп отырмыз. Дендеріңіз аман, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын, - деді «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС директоры Ольга Чернова.

Жас өнерпаздар арасында екінші, алтыншы, бесінші сынып оқушылары да болды. Алтыншы сынып оқушысы Мейіржан Көкенай кавказ халықтарының биін орындаған кезде қарттардың қанында қызуғандылық оянғандай болды. Бәрі қолпаштап, мақтау айтып жатты. Ал екінші сыныптың Шұғыла есімді оқушысы «Аяулы ана» әнін, Ерболат есімді өнерпаз «Асыл ана» әнін орындаған сәтте қариялардың көңілі елжіреп, көз жасына ерік берді. Ал Елдос пен Ердос есімді егіздер «Әкелер», «Беу айдай» әндерін айтып, қарттарға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Қариялар ортаға шығып, ән ырғағын қайталап, буын жазуға кірісті. Газет ұжымы да тосылып қалмай, қарияларды ортаға шақырып, бірге би биледі.

- Бүгінгі күнді ерекше күттім. Өйткені қариялардың алдында ән салғым келді, өнер көрсеткенді қаладым. Бүгін бір үлкен қайырымды іс жасап, сауапқа кенеліп отырғандаймын. Бұл мерекелік шараға қатысуыма мұрындық болған «Алдаспан» газетінің ұжымына алғыс білдіремін, - дейді жас өнерпаз Ақтілек Сейілханов.

Ана мен әке тақырыбынан өзге, туған жер, Отан, жастар тақырыбындағы әндер де орындалды. Әсіресе, домбыраның үні таңсық болатын: көбі қоңыр үнді ұйып тыңдады. Бақытжан Сайлау домбырамен қос әнді орындады.

- Әндер эстетикалық сезімге толы. Өнерпаздардың парасатты, шынайы өнерді бағалай алатын жандар екендігі көрініп-ақ тұр. Өйткені әнді шынайы орындау мен оны жүрекке жеткізе білуге деген талпынысы ерекше. Туындының әсерін жан-дүниеммен сезіндім. Ләззатпен тыңдадым. Сіздерге ризашылығым шексіз, - деді кезінде экспедитор ғалым болған, қазірде сурет салумен айналысатын, қарттар үйінің тұрғыны Лидия Астафьева.

Газет ұжымы ән шашумен шектеліп қалмай, өз сыйлықтарын да ала барды. Қариялардың сүйікті ісі - кітап оқу. Қарттар үйінің кітапханасы «Алдаспан» мен «Устинка плюс» газеттері тарту еткен елу шақты кітаппен толықты.

- Сіздер - бұл Қарттар үйіне қайырымдылық концертін ұйымдастырып отырған алғашқы БАҚ ұжымысыздар. Ізгі ниет, шынайы көңілмен келіп отырғандарыңызға өте разымын. Ұжымдарыңыз өсіп, өркендей берсін. Аман болыңыздар! - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Иванович.

Сонымен қатар, «Алдаспан» және «Устинка плюс» газеттеріне 2018 жылға 10 газетке тегін жазылу сертификаты ұсынылды.

- Бүгінгі шарамызды да жастарымызға үлгі болсын деген ниетпен өткізіп отырмыз. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жүректеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын демекпіз. Айтар тағлымдарыңыз көп болсын, қадірменді аталар мен әжелер. Қайырымдылық концертін өткізуге атсалысқан жандарға зор алғыс білдіремін! - деді «Алдаспан» газетінің редакторы Аяулым Кенесова.

Ал сөз соңында Қарттар үйінің директоры Баян Ахметұлы қариялардың атынан газетте үнемі жағымды жаңалықтар жазуға өтініш білдірді.

Концерттен соң газет ұжымы қарттармен әңгіме-дүкен құрып, естеліктер тыңдады, ақыл-кеңес алды. 

Следующая →